Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады.Сондай-ақ отбасылық мерекеде мол дастархан жайып, қонақ күтетіндер де бар. Бұл күндері сауда орындарының жұмысы ерекше қызады. Сатушылар тауарларының жақсы өткеніне құлшынып, күні-түні тынымсыз саудасын жүргізуге көшкен. Жалпы мереке қарсаңында ел қандай заттарды көптеп сатып алып жатыр екен? Біз дүкендер мен саудар нүктелерін аралап, тұрғындарды сөзге қайтқан едік. Сонымен, Қамысты халқының қандай тауарларға сұранысы жоғары?


Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Сәйкесінше, әр үйде қарбалас басталды. Бірі – мерекелік дастарханды әзірлеп, азық-түлік сатып алса, енді бір топ – сыйлықтар іздеуге кіріскен.

Сатушылардың айтуынша, тарту-таралғыға келгенде қамыстылықтар аянбайтын көрінеді. Сыйлықтар кішігірім базарлықтан басталып, тапсырыспен дайындалатын ірі композиция болуы мүмкін. Тұрғындар жақындарына ерекше кәде жасауға тырысады.
Қамыстылық кәсіпкер Тимур Фазылханов биыл екінші жыл жасанды шырша сатумен айналысады. Жыл сайын желтоқсан айы басталасымен Ресейден шырша түрлерін әкеп саудалайды.

-Жаңа жылдың алдында сыйлыққа не болмаса үйіне тірі дат шыршасынан жасалған жаңа жылдық композицияларды сатып алып жатады. Мәселен, жасанды шыршалар. Сондай-ақ, бізде жасанды шыршалар. Оның ұзыны, қысқасы, әртүрлі түсі бар. Сауда жүріп жатыр. Бағалары – 4-5-6 мың теңгенің аралығы. Шырша ойыншықтармен безендірілген гүл шоқтары да бар. Мұндай сыйлыққа тұрғындар көп тапсырыс береді. Шыршасыз жаңа жылдың сәні ме?, – дейді жергілікті кәсіпкер Тимур Фазылханов.

Онымен қоса жергілікті кәсіпкер жаңажылдық сыйлықтар және тәттілер топтамасын әзірлейді. Себебі тұрғындар тарапынан сұраныс бар. Жаңажылдық топтамалар үш мыңның маңайында. Орташа және қолжетімді баға. Оны да тұрғындардың сұранысы, талғамына орай жасайды.

-Біз жыл сайын тәтті қалташаларды жинаймыз, негізі басқа дүкендер сияқты аса ерекшелік жоқ. Тапсырыстар көп деп айта алмаймын, бүгінгі күні мектептің бірнеше сыныбы тапсырыс береді. «Алтынсарино» 13 қалтаға тапсырыс бері, сондай-ақ тұрғындар балаларға өздері үшін тапсырыс беріп жатады. Тәтті қалта толы кәмпиті бағасы 1000 теңгеден бастап 5500 теңгенің көлемінде, – дейді жыл сайын осы кәсіппен айналысатын Алтынай Журперова.

Бұл күндері сауда сөрелері түрлі мерекелік сыйлықтарға лық толы. Дегенмен, тұрғындар арнайы іздейтін заттар да бар. Соның бірі – тәттілер жиынтығы, косметика, тұрмыстық заттар. Түрлі-түсті қораптағы тәттілер. Саудагерлер олардың күніне 10 шақты данасын сатылатынын айтады. Жаңа жыл қарсаңында саудасы қызатын тағы бір тауар – балалар ойыншықтары. Қазір түрлі жұмсақ мысық аяқтары, түрлі-түсті блокноттар, құрастырмалы машиналар сұраныста. Құрастырма жолдан зымыраған көліктер кез келген баланы қуантары анық.

Ал, жаңажылдық керек-жарақтар сатумен айналысатын жергілікті сатушылардан шырша бағасын сұрағанымызда, 50-80 метрлік биіктіктегі шыршаларды 4,5-5 мың теңгеге сатып алуға болатынын білдік. Шырша бағасы биіктігіне, материалына қарай қымбаттай береді. Сондай-ақ, сатушылар шыршалар мен оған тағатын түрлі түсті ойыншықтарды Алматыдан, кейбірі Ресейден әкелетіндерін де айтты. Үйде құрылатын шыршаның үстін безендіретін, жанып-сөніп тұратын гирлянданың ең арзаны – бір мың теңгеден жоғары. Бұл да өзінше сән беріп тұрады.

Рождество мерекесінің атрибуттары болып есептелінетін шыршалар қалай десек те жаңажылдық көңіл күй сыйлап тұратыны анық. Әрі ол – кішкентайлардың көз қуанышы.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Камыстинцы стали чемпионами Костанайской области по бирманскому боксу

В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…

2 часа назад

Аулиекольский хореографический ансамбль «Жұлдыз» выиграл путевку на Кавказ

Это стало возможным благодаря победе на международном конкурсе в Актау. (далее…)

4 часа назад

Школьники Камыстинского района стали финалистами республиканской олимпиады IQanat

В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…

5 часов назад

За бесперебойной работой железнодорожной магистрали стоит профессионализм коллектива Пресногорьковской станции

О Пресногорьковской железнодорожной станции Казахстанских железных дорог, которая находится в северо-восточной части Узункольского района, мало…

5 часов назад

Денисов ауданы тұрғыны теміржолдан несібесін тауып жүр

Денисов ауданындағы Арыстансор темір жол станциясында таң алакеуімнен жұмыс қыза түседі. (далее…)

1 день назад

Тәуіште 150 миллион теңгеден астам қаражатқа заманауи спорт залы салынып жатыр

Жаңа нысан заманауи талаптарға толық сай келеді деп күтілуде. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.