Қамыстылық Өтеулиндер әулеті аудандық кезеңнің жеңімпазы атанды

Отбасы – шағын мемлекет. Оның негізінде мейірім мен махаббат, тәрбие мен тағылым, жауапкершілік пен жанашырлық жатыр. Осындай қасиеттерді бойына сіңіріп, ұрпағына ұлағат, елге өнеге болып отырған Қамысты ауылындағы Өтеулиндер әулеті биылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Қамысты аудандық кезеңінің жеңімпазы атанды.


15 мамыр мен 15 маусым аралығында өткен байқауда ауданның бірқатар отбасылары бақ сынаған болатын. Нәтижесінде, 27 маусымда өткен комиссия отырысында ел ықыласына бөленіп жүрген Өтеулиндер отбасы үздік деп танылды.

Бұл шешім көптің көңілінен шықты. Өйткені Өтеулиндер әулеті – өнегелі өмірімен, ұлағатты тәрбиесімен, адал еңбегімен, тектілік пен татулықты ту еткен болмысымен көпке үлгі.
49 жыл бойы бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан бұл отбасы – нағыз сүйіспеншіліктің символы. Ерлі-зайыпты Өтеулиндер бір-біріне тіреу, бала-шағасына қорған бола білді. Олар өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көріп, өзара сенім мен құрметке негізделген отбасы құндылығын ұрпақ санасына сіңіріп келеді. Жұп болып жарасқан жандар келесі жылы алтын тойларын – отасқандарына 50 жыл толуын атап өтпек.

«Елу жылға жуық уақыт жұбайым екеуміз қол ұстасып келеміз. Жолда бір түйін болса, оны бірге шештік. Отбасы – өзара сенім мен сыйластықтан тұрады. Балаларыма да осыны үйреттім», – дейді отағасы Мұхамбетуәли Өтеулин.

Отағасы мен отанасы бес бірдей ұл өсіріп, әрқайсысын еңбекқор, елгезек, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиеледі. Әр ұлы бүгінгі таңда өз алдына жеке отбасы құрып, ата-ана жолын жалғап отыр. Әсіресе, үлкені мен кенжесі ата-ананың үлгісін лайықты жалғастырып, өздері де бес баланың ата-анасы атанған. Бұл – ұрпақ сабақтастығының, тәрбие тағылымының анық көрінісі.

Өтеулиндердің отбасы дәстүрі – ұрпаққа үлгі. Отбасы мүшелері әрқашан бір-біріне қолдау көрсетіп, өзара түсіністік пен келісімді алдыңғы қатарға қояды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-анаға шексіз алғыс – бұл әулеттің басты ұстанымдары. Әулеттің әр баласы «адам болып қалу», «еңбекті қадірлеу», «жақынға қамқор болу» қағидаларын санасына тоқып өскен.
Қазіргі таңда бұл әулеттің 18 немересі өсіп келеді. Бұл жай ғана көпбалалы отбасы емес, бұл – тамыры тереңге жайылған, ұрпақтары текті жолды жалғаған, бірлік пен берекенің ордасы. Үлкенге қарап бой түзеп, ата-ана аманатына адал болып отырған бұл әулет – қоғамдағы шынайы құндылықтардың тірегі іспеттес.
«Мерейлі отбасы» байқауында жеңіске жету – бұл әулеттің өмірлік ұстанымының, жанұялық татулық пен өзара құрметтің, ата-баба аманатына деген адалдықтың нәтижесі. Осындай өнегелі отбасылар – ел іргесінің мызғымауына, рухани бірліктің сақталуына үлес қосып келеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тәуіште 150 миллион теңгеден астам қаражатқа заманауи спорт залы салынып жатыр

Жаңа нысан заманауи талаптарға толық сай келеді деп күтілуде. (далее…)

22 часа назад

Исторический рекорд установила Костанайскаая область по финансированию аграриев

Заместитель председателя правления АО «Аграрная кредитная корпорация» Айдын Доскараев не скупится на эпитеты по поводу…

1 день назад

Торғай өңіріне жан бітпек

Астана мен Батысты жалғайтын тарихи жол құрылысы Шеген ауылына дейінгі аралықта жүріп жатыр. (далее…)

1 день назад

В Тобыле встреча с гражданами, находящимися на учете службы пробации

Мероприятие прошло в рамках проекта «Государственный социальный заказ услуг по организации работы в рамках ресоциализации…

1 день назад

«Без вашего участия ни один мошенник не завладеет вашими деньгами»: что нужно знать о киберпреступниках

30 июля сотрудники ОФ «Жанашыр бол» и представитель правоохранительных органов лейтенант полиции Манарбек Амитов встретились…

1 день назад

This website uses cookies.