Қамыстылық жігіт былғарыдан бұйымдар жасайды

Қамыстылық кәсіпкердің қолынан шыққан сөмке, белбеу кең сұранысқа ие.

Аудан орталығында тұратын Тимур Фазылханов жеке кәсіптің сыртында қазақтың қолданбалы қолөнерімен айналысады. 27 жастағы жігіт хобби ретінде алғаш рет белбеу жасап көріпті. Кейін қолдан жасалған өнімге сұраныс түскен соң, тапсырыс алуды бастаған. Бүгінгі күні ол бұл өнерді әрі қарай дамытпақ ойда.

Тимур аудан орталығында тұрады. Жеке кәсібі бар, сауда-саттықпен айналысады. «Жігітке жеті өнер» де аз демекші, кейіпкеріміз Қазақстан, Беларусь елінен арнайы былғары терілер алдыртып, ерлер мен әйелдерге арналған белбеу, әмиян, шоппер, сөмке, карта салғыш және басқа да теріден жасалған бұйымдарды тігуді де қолға алған.

«Бастапқыда интернетті ақтарып жүріп, былғары бұйымдардың жасалу тәсілдерін жіті меңгердім. Содан кейін құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп, өзім және отбасым үшін тіге бастадым. Алғашқы қолымнан шыққан өнім – былғары белбеу еді. Сәтті шықты. Көргендерге ұнады. Осылай сұраныс артты. Қажетті былғары, басқа да материалды әр жақтан тапсырыспен алдырамын. Жалпы, былғары өнімдерін тігудің де ерекше сыры бар. Әуелі теріні өңдеп дайындап, жан-жағын тегістеймін. Өйткені, оны кескенде жібі тарқатылып кетпеуі керек, Жіптері білініп тұрмауы үшін тегістеп, кейін арнайы құралмен біркелкі етіп тесіп, қажетті жіппен тігіп шығамын. Тапсырыс берушімен келіскеннен кейін екі аптаның ішінде дайын болады. Тігу оңай, уақытты да көп алмайды, тек өрнек салу қиынырақ», – деді Тимур Фазылханов.

Бұл кәсіпті өткен жылы ғана қолға алған ол көп мөлшерде тігу үшін модельдерін іздеп, таңдап жүргенін айтады.

«Тапсырыстар түсіп жатыр. Әсіресе, сөмке, белбеулерге сұраныс жоғары. Негізінен таза былғары өнімі болғандықтан, әмиянның бағасы он бес мыңнан асады. Қолым босағанда түрлі заттар тігемін. Олардың ішінде ер азаматтарға арналған таза былғарыдан белбеу, қол сөмке, әмиян көп сұранысқа ие», – дейді қамыстылық Тимур Фазылханов.

Жергілікті кәсіпкер қолынан шыққан бұйымдарды қолдау керектігін айтады. Өзі ұлттық кәсіпті дамытпақшы болып, мемлекеттік грантқа қатысып көріпті. Бірақ, қазір тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына баса назар аударылып жатқандықтан, жобасы қолдаусыз қалған екен.

«Менің қолымнан шыққан бұйымдардың басты ерекшелігі – электр-механикалық саймансыз, нақты ертеден келе жатқан қол саймандар – негізінен қашау, пышақ, түрпі арқылы жасалады. Жасайтын бұйымдарым – кез-келген теріден жасалатын картхолдер, сөмкелер, шопперлер. Тапсырыс берушілер әр заттың дизайнын өз талғамдарына қарай таңдайды. Әрі қарай қалай жасалу керектігін өзара келісеміз. Оларды жасауға қолданатын материалдарым – тері, ине, жіп, пышақ», – дейді Тимур Фазылханов.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

За полгода в Костанайском районе в пять раз вырос объем строительных работ

Инвестиции увеличились на 29%, а ввод жилья — в два раза. (далее…)

12 часов назад

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

12 часов назад

Қамысты ауданы: Бақшаны баққа айналдырған

Арқа ауылының тұрғыны ауласын ертегі әлеміне қалай айналдырды? (далее…)

13 часов назад

В Костанайской области с начала пожароопасного сезона произошло 43 лесных пожара

Количество возгораний выросло, однако их общая площадь сократилась почти на 93%. (далее…)

14 часов назад

Денисов ауданының жастары өлке тарихы мен табиғатын зерттеуге ынталы

Денисов ауданында өлке табиғатын, көрікті жерлерін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «Юный турист» үйірмесі жұмыс істейді.…

16 часов назад

This website uses cookies.