Арқа ауылының оқушылары құстарға ұя жасады

1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Осыған орай, Краснооктябрь жалпы білім беретін мектебінде ерекше шара өтті.

Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында «Құстардың досына үй» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл акцияның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық тәрбие деңгейін арттыру, құстарға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Акцияға 1-4 сынып оқушылары белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Олар құс ұялары мен жемсауыттарды өз қолдарымен жасап, мектеп ауласына орналастырды. Бұл шараға ата-аналар да қосылып, балалармен бірге түрлі-түсті және ерекше пішіндегі құс ұяларын жасап шығарды. Құстарға арналған «үйлер» әртүрлі формаларда болды: кейбірі дәстүрлі ұялар болса, енді біреулері балалардың шығармашылығынан туған ерекше, әдемі пішіндермен толықты.

-Ұялар мен жемсауыттар мектеп ауласының әр бұрышына орналастырылды. Балалар қуанышпен, үлкен қызығушылықпен құс асырау орындарын ілді, ал акция соңында олар құстарға көмек көрсету үшін өздерінің міндеттерін қабылдады. Әрқайсысы серуенге шыққанда құстарға жем салып, олардың аш қалмауын қадағалайтынын айтты. Осылайша, оқушылар экологиялық жауапкершілік пен қамқорлық сезімін бойларына сіңіріп, табиғатпен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік алды, – дейді Краснооктябрь жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Олег Шмидт.
Бұл акцияның тағы бір маңызды жағы – ол ата-аналардың да балалармен бірге жұмыс істеуіне және бірлесіп экологиялық мәселелерге назар аударуына себеп болды. Ата-аналардың қатысуы акцияның мәнін одан әрі арттырып, балаларына табиғатты қорғау, оған деген сүйіспеншілікті насихаттау жолында үлкен үлес қосты.

-Мұндай шаралар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді. Құстарды қорғау, табиғатқа деген жанашырлық сезімін дамыту арқылы жас ұрпақтың болашақта өз туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі артады. Құстар мен табиғат әлеміне деген жанашырлықты тәрбиелеу арқылы балаларды Отанға, оның табиғатына деген құрметке баулу өте маңызды, – дейді Олег Шмидт.

«Құстардың досына үй» акциясы тек мектепте ғана емес, бүкіл мектеп қоғамдастығында экологиялық сана мен табиғатқа деген құрметті нығайтуға бағытталған іс-шара болды. Алдияр Қудабаев сияқты оқушылар бұл акцияға белсене қатысып, өздерінің табиғатқа деген жауапкершілігін сезініп, болашақта осындай игі істерге атсалысатын болады.

– Енді мен табиғатқа қарапайым, бірақ маңызды нәрселермен көмектесуге болатынын түсіндім. Ұялар жалпы құстардың көбеюі үшін, балапандардың өсіп өнуіне арналған маңызды зат. Әр құс өз ұясын желден немесе жаңбырдан қорғап, балапанын өсіруге тырысады, – дейді Краснооктябрь жалпы білім беретін мектебінің 2 сынып оқушысы Алдияр Құдабаев.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

11 часов назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

16 часов назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

1 день назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

2 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

2 дня назад

This website uses cookies.