
Арқалық қайта жанданып келеді
Арқалық қаласында ұзақ уақыт бойы бос тұрған үйлер мен әлеуметтік нысандар қайта жөндеуден өтіп, пайдаланысқа берілуде.
Биыл жөндеуден кейін 108 пәтер кезекте тұрған тұрғындарға табысталмақ, ал қалада пәтер алу кезегінде 1600-ден астам адам тұр. Мысалы, 30 жыл бойы бос тұрған бес қабатты тұрғын үйге республикалық бюджеттен 900 миллион теңге бөлініп, 60 толық дайын пәтер жөнделді.
Қалада соңғы бірнеше жылда 10 көпқабатты үй жөнделген, ал алдағы жылы тағы 3 үйдегі 180 пәтерді жөндеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да қайта жанданып келеді: 120 орындық спорт-интернат, күрес және бокс залдары ашылды. Бұл интернатта спортқа дарынды балалар тұрақты түрде оқиды.
Арқалық қаласында алдағы жылдары әуежайды қалпына келтіру және жеке тұрғын үйлер салуды дамыту жоспарланған. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бірнеше жер учаскелері бөлінген.
Қалалықтар қаланың өзгеріп, көркейіп жатқанын айтып, жұмыстардың қарқынын жоғары бағалап отыр. Даму нәтижесінде Арқалық бұрынғыдан да көрікті және жайлы қалаға айналуда.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31