Арқалық келіншек өз ауласында көкөніс егіп, гүлдің түр-түрін өсіреді

Ауылда ерінбеген жан жаз бойы қауын-қарбыз, көкөніс өсіруге болады.

Алты айға жуық қысы, жазда аптап ыстығы бар, онан қалды тоқтамас жаңбыры бар оңтүстік батыста өңірде бау-бақшамен айналысу үшін үлкен күтім қажет. Алайда, жергілікті тұрғын Ольга Братченконың үйіне бас сұқсаңыз бұл ойыңыздан айнып шығарыңызға сенімдіміз. Ол шағын ғана ауласында бақша өнімдерін де, көкөніс пен жемісті де, тіпті гүлдің бірнеше түрін өсіріп келеді.

Ольганың бау-бақшамен айналысып жүргеніне бірнеше жыл болған. Қолынан күрегін тастамайтын келіншек ешқандай химиясыз өнім өсіреді және жинайды. Жұмыстың ауырлығына қарамастан ол бау-бақшасын өзі күтіп-баптайды, жерін де өзі аударады. Кейде жолдасы қолқабыс етеді.


Ольга Братченконың бақшасына барып, күнделікті жұмысына куә болды. Егін егудің қыр-сыры, қамыстының құбылмалы ауа райында бақшаны күтіп-баптау және ерекше өнімдер жайында сұхбаттасты.

Ольганың айтуынша, бақшаға деген үлкен қызығушылығы кішкентай кезінде өзі тұрған ауылдан басталған. Көршілерінің бәрі бау-бақшамена айналысып, оның өсімдіктерге деген махаббатын оятқан.


-Кішкентай кезімде үнемі ағаш, гүл отырғызуды, оларды күтіп-баптауды қатты ұнататынмын. Біздің үйдің ауласында ағаштың түр-түрі болатын. Негізі бақшаға әкем жақын болды. Қияр мен картопты жақсы отырғызатын. Біздің ауылда немістер мен поляктар көп тұрды. Білесіз, олар бау-бақшаға өте қатты мән береді. Ес білгелі айналамның барлығы бақша егуге жақын болғаннан кейін менің де қызығушылығым ерте оянды, – дейді ол.

Ольга өз бақшасынан жыл сайын тұрақты түрде өнім алып тұрады. Алған өнімін сатуға шығармайды. Отбасы, туған-туыс, достарымен бөлісіп, қалғанынан банка жауып, қысқа дайындық жасайды.

«Өсірген өнімді ешқашан сатқан емеспін. Туған туыс, отбасым, достарым бар, барлығымен бөлісемін. Бақшаға жолдасым көмектесіп жүр. Бұл жұмыс менің жаныма қатты жақын. Бақшаның жұмысына кіріскен сәтте барлығын ұымытып, аспанға ұшқандай бақытқа бөленемін. Уақыттың қалай өткенін байқамаймын. Сондықтан, әрбір жеміс пен көкөністі үлкен ықыласпен күтемін. Бақшаға қаншалықты мейіріммен қарасаң, соншалықты мол өнім аласың», – дейді бағбан.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31