Арқалық маңында сирек кездесетін жер металдарын барлауды бастайды

Арқалық қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан Ақбұлақ учаскесінде сирек кездесетін жер металдарын өндіруге бағытталған геологиялық барлау жұмыстары басталды.

Алдын ала жүргізілген зерттеулерге сәйкес, аталған учаскеде шамамен 380 мың тонна сирек металдардың оксидтері шоғырланған. Құрамында өнеркәсіптік маңызы жоғары неодим, иттрий, тербий және диспрозий сынды элементтер бар. Бұл металдар электроника, медициналық құрылғылар, аккумуляторлар, жаңартылатын энергетика және қорғаныс саласында кеңінен қолданылады.

Ақбұлақ аумағында сирек кездесетін жер металдарын барлау жұмыстарын қазақстандық «Тау-Кен Самұрық» компаниясы мен америкалық инвестициялық компания Cove Capital бірлесіп жүргізеді, «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі ТАСС-қа берген мәліметінде екі компанияның барлау жұмыстарын бірге атқаратынын жеткізді.

– Алдын ала деректерге сәйкес, жоба айтарлықтай геологиялық әлеуетке ие. Нақты мәліметтер барлық зерттеулер аяқталғаннан кейін ұсынылады. Қазіргі таңда басты басымдық – жан-жақты дайындық шараларын жүргізу. Оның ішінде бар геологиялық деректерді талдау, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді бағалау және ұйымдастырушылық-құқықтық рәсімдерді аяқтау бар. Бұл алдын ала қадамдар жобаның табысты жүзеге асуына негіз қалайды. Далалық геологиялық барлау жұмыстары биылғы маусым аясында басталады деп күтіледі, – деп түсіндірді қордың баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта учаскеде дала-геологиялық жұмыстар жүріп жатыр. 2025 жылдың үшінші тоқсанында тәжірибелік-өндірістік кезеңге көшу жоспарланып отыр. Қаржыландырудың алғашқы кезеңін америкалық тарап қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта инвестициялар көлемі әрбір серіктестің үлесіне сәйкес бөлінетін болады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба Қазақстанның стратегиялық минералдар саласына серпін беріп, шетелдік инвестиция тартуға, сондай-ақ Арқалық өңірінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет ашық дереккөзден алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Квест, игры, палаточный лагерь: как прошел туристический выезд в Мендыкаринский район

В нем приняли участие семьи и молодежь Костанайской области, передает «Наш Костанай» (далее…)

8 часов назад

В Аманкарагайском лесу высадили новые сосны в рамках программы «Таза Қазақстан»

В акции приняли участие 50 государственных служащих, которые вместе с работниками лесного хозяйства внесли свой…

13 часов назад

С 11 июня на водоёмах Костанайской области разрешён улов всех видов рыб

Этому рады рыболовы Узункольского района: им есть где насладиться не только красотой и покоем водных…

1 день назад

Заработать на каникулах и сделать село краше: как работает «Жасыл ел» в Денисовском районе

Лето - это не только время для отдыха, но и отличная возможность для молодежи сделать…

1 день назад

Жиырмасындағы арман қырықында алынған қамал болды

Киокушинкай каратэ — қанатын кеңге жайған шығыс жекпе-жегі. Жапон тілінен тәржімасы асқақ ақиқаттың қоғамы дегенге…

2 дня назад

Ученики Антоновской начальной школы Денисовского района необычно поддержали акцию «Таза Қазақстан»

Благоустройство - не всегда только про лопаты и лейки. Иногда для того, чтобы изменить мир…

2 дня назад

This website uses cookies.