Арқалықта иесіз жануарлар мәселесі бақылауға алынуда

 Қала аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюіне байланысты алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл мәселе жауапты мекемелер мен қоғамдық ұйымдар қатысқан жиында қаралды.
Үй жануарларын жауапкершілікпен асырау талаптарын түсіндіру мақсатында еріктілер мен Жастар ресурстық орталығының мамандары тұрғындармен кездесіп, ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков мәлімдеді.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектор Татьяна Чокан мектеп оқушыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылғанын айтып, жануарларға дұрыс көзқарас қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бағытында бірқатар бағдарламалар іске асырылуда. Атап айтқанда, «Қаңғыбас жануарларды аулау», «Уақытша ұстау», «Чиптеу», «Вакцинациялау және зарарсыздандыру» шаралары бойынша тиісті жұмыстар атқарылған. Бағдарламалардың кейбірі тоқтатылуына байланысты пайдаланылмаған қаржы бюджетке қайтарылған.
Мамандардың пікірінше, қаңғыбас жануарлар мәселесін шешу – мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жауапкершілігін талап етеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат Жүнісұлы

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3