Арқалықта тері илеу зауыты мен былғары өнімдерін шығаратын тігін цехы жұмысын уақытша тоқтатты. Соның кесірінен оңтүстік шаҺарда қырыққа жуық адам жұмыссыз қалды.
Айта кету керек, тері илеу зауыты Осыдан екі жылдай бұрын ашылған. Ұзақ жылдар тоқырап тұрған Арқалықтағы тері илеу зауыты қайта жанданғанда жергілікті халықтың қуанғаны рас. Босқа ысырап болып жатқан мал терісін пайдаға жаратар күн туды деп үміттенген. Зауытты іске қосуға 600 миллион тенге ақша жұмсалды. Кәсіпорын айына 126 тонна қара мал терісін өңдеуге қауқарлы еді. Бастапқыда жұмыс қызу басталды. Өңделген былғары Италия, Испания, Түркия елдеріне жіберілді. Сосын бірте-бірте саябырсып, ақыры былтыр тоқтап тынды. Қазір әкімдік қос өндіріс орынын қайта жандандыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
«Ең басты сатып алушы өндірісін Украина болатын. 2023 жылдың басында байланыстар үзіліп қалғаннан кейін, ол серіктестік жұмысын тоқтатты. «Үміт» серіктестігі жұмысын тоқтатқаннан бері, қазір қара малдың болсын, басқа малдың терісін алмайды. Қазір басқа инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Біздің де, серіктестік басшысы тарапынан да бір инвесторлармен келісімшартқа отырамыз деп ойлаймыз», – дейді жергілікті билік өкілдері.
Айгүл Үсенова – тігін цехы ашылған сәттен жұмыс істегендердің бірі. Мемлекеттік бағдарламамен мамандықты меңгеріп, грант есебінен екі тігін машинасын сатып алған. Сосын жеке кәсіпкер ретінде былғары өнімдерін тігуге «Үміт» серіктестігімен келісімшартқа отырады. Мұндағы қыз-келіншектердің басым бөлігі осындай жолмен өз кәсіптерін бастаған. Алайда, әп-әдемі басталған істің аяғы сұйылып кетті. Тапсырыс азайып, табыс төмендеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.