Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды
Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.
Байқау барысында тұрғындарға қызмет көрсетуде кәсібилік пен жауапкершілікті басты орынға қоятын мамандардың еңбегі сараланды.
Қазылар алқасының шешімімен ең жоғары нәтиже көрсеткендер – Арқалық қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» қарасты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызмет көрсететін сектордың меңгерушісі мен бас маманы болды.
Үздік деп танылған Тасболат Абенов пен Айдана Бейсова кәсіби шеберлігі, халықпен тиімді жұмыс жүргізуі және қызмет алушыға бағытталған сервисті дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған конкурс мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және үздік тәжірибелерді кеңінен таратуға ықпал етуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет Арқалық қаласы әкімдігінің сайтынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31