Арқалықта «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында қазақ мектебі ашылады

 Арқалықта екі жылдық ұлттық жобамен салынып жатқан жайлы мектеп құрылысы аяқталуға таяу. Бүгінгі таңда мұнда 150-ге жуық адам еңбек етуде. Екі қабатты білім ошағы З00 орынға лайықталып салынған.Мектептің сыртқы және ішкі жұмыстары аяқталу шегінде. Құрылысшылар қабырғаларды сырлау, әктеу, еденге линолиум төсеу сынды жұмыстарға жұмылдырылған. Электр желілерінде де ұсақ-түйек шаруалар қалған.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында инновациялық жабдықтармен бірыңғай стандарт бойынша салынған оқу орындары ашылуда. Жаңа мектеп екі қабатты, бастауыш, орта және жоғары буынды оқытуға арналған блоктары бар. Кең спорт залы толығымен спорттық жабдықтармен жарақтандырылған.

Мектепте 26 оқу кабинеті бар. Оқу зертханаларымен физика, химия, биология пәндерінің кабинеттері, робототехника және компьютерлік сыныптар, STEM зертханалар заманауи түрде жабдықталған.

Оқушыларды жан-жақты дамытуға және педагогтердің белсенді жұмысына арналған акт залы, оқу залы бар кітапхана, ыңғайлы коворкинг зоналар жұмыс жасайды.

Белгіленген меже бойынша жайлы мектеп құрылысы алдағы 6 қарашаға дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Мүмкіндік болып жатса одан да ертерек бітіріп береміз. Құрылыс материалдары, маман, техника күші жеткілікті»,-дейді құрылыс мердігері «Алюминстрой» ЖШС бас директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Абай Мұқанов.

Нысанның жылу, су, кәріз, электр жүйелері іске қосылған. Төбе жұмыстары аяқталды. Маңайы асфальтталып, сырмақтас төселді.
Бұл облыста «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ашылған екінші мектеп екенін естеріңізге саламыз. Аталған жоба бойынша 4500 орынға арналған 6 мектеп ашылатын болады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 11