Арқалықта жылу желілері жаңартылып жатыр

Арқалық қаласында жылу желілерін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Соңғы екі жылда қалада 17 шақырым жылу құбыры ауыстырылды. Әлі осынша шақырым құбыр ауыстырылуы керек. жалпы жаңа құралдар берік материалдардан жасалған. Қосымша оқушаулаудың қажеті жоқ. Сонымен бірге арнайы дачиктермен жабдықталған.
Жалпы, Арқалықтағы жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 35 шақырымнан асады. Бұған дейін желілердің тозу деңгейі 90 пайызға жеткен болатын. Қазір бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін төмендеп, жылу шығындары 20 пайыз шамасында қалып отыр.

-Бұрын жылу желілерінің тозуы 90 пайызға жеткен болса, қазір бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін төмендеді. Жылу шығындары 20 пайызға дейін азайып, қалыпты деңгейге жақындады. Жаңа құбырлар төселген аудандарда тұрғын үйлерде жылу айтарлықтай жақсарды. Апаттық шақырулар саны 12 пайызға қысқарды, – дейді Арқалық қалалық ЖЭО-ның өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Инна Реймер.

ЖЭО мамандарының айтуынша, жаңа құбырлар жер үстімен төселуде және олар беріктігі жоғары, жылу өткізгіштігі жақсы, әрі қосымша оқшаулау қажет етпейді. Жаңа желілер апаттық жағдайларды жедел анықтауға мүмкіндік беретін арнайы датчиктермен жабдықталған.
Жөндеу жұмыстары жалғастыру үшін республикалық бюджеттен қосымша 4,5 млрд теңге қажет. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жылы үшінші кезеңді бастау үшін 536 млн теңге бөлінген.


Сонымен қатар, алдағы қысқы маусымға дайындық жүріп жатыр. Арқалық ЖЭО-да қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 48 мың тонна көмір жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл көлем толық бір маусымға жетеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Без вашего участия ни один мошенник не завладеет вашими деньгами»: что нужно знать о киберпреступниках

30 июля сотрудники ОФ «Жанашыр бол» и представитель правоохранительных органов лейтенант полиции Манарбек Амитов встретились…

5 часов назад

В Денисовском районе проведут огнезащиту 20 школ

На огнезащитную обработку деревянных конструкций кровли в 20 учебных заведениях района выделено 2 млн тенге.…

2 дня назад

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

2 дня назад

Науырзымда ұлттық мұра жаңғырып келеді

Өлеңді ауылының тұрғыны Ерболат Бияхметов атадан қалған қамшы өру өнерін қайта жаңғыртып, ұлттық қолөнерді дәріптеп…

2 дня назад

Торғайдың ақжарқын келіні

14 бөлмелі шаңырақты шуаққа бөлеп отыр. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.