Іргелі білім ордасының «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультеті, «Химия, Химия және биология, Биология» білім беру бағдарламасының базасындағы аталмыш құрылғы бүгінде өзінің алғашқы жемістерін беріп үлгерді.
Нақтырақ айтқанда, қазір гидропоника әдісімен базилик, салат жапырағы, руколла, кресс-салат, кинза, люцерна және т.б микрожасылдар әзірленді.
Жаңа зертханада өсімдік тамыры арнайы дайындалған субстратта орналасады. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер күн сайын судың тұздылығын, рH көрсеткішін, бөлменің температурасы мен дымқылдығын өлшеп, бақылау жасайды. Олардан жақсы өнім алып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
-Микрожасыл өте күшті биогендік тағам болып саналады. Өйткені микрожасылдар қоректік тығыздығы жоғары дәрумендердің, фитонутриенттердің, каротиноидтардың және минералдардың концентраты болып табылады. Сонымен қатар, құрамында антиоксиданттар көп болғандықтан, микрожасылдар біздің денсаулығымызды сақтап қана қоймайды, көптеген ауыр аурулармен (қант диабеті, жүрек ауруы, жоғары қысым және т. б) күресуге көмектеседі, – дейді Білім беру бағдарламасының оқытушысы Сандуғаш Бауыржанқызы.
Білім беру бағдарламысының ұжымы студенттермен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізді. Олар «ALTYNSARIN» АГРОФИРМА деген атаумен дайын өнімді қала тұрғындарына ақылы негізде ұсынуды жоспарлап отыр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…
Не успели, как говорится, отгреметь фанфары по поводу поездки в Пакистан, а уже новые, яркие…
Пилотный проект начали реализовывать с начала года. (далее…)
Жители района могут в любой момент обезопасить себя и своих близких, пройдя бесплатную вакцинацию против…
Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)
Жангелдин ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен. (далее…)
This website uses cookies.