Қарғын судың қақ ортасында қалған ауыл

 Жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр

Жангелдин ауданы бойынша қар суы басқан елді мекендер мен ауылдарға төтенше жағдай жарияланды.

Мәселен, күні кеше 109 адамды қауіпті аймақтан көшіріп, Көкалат ауылының орталығына орналастырды. Яғни, олардың басым бөлігі туған туыстарының үйлеріне жайғасты. Көлқамыста 33 адам қалған. Оның үшеуі әйел екен. Олар сол жердегі ірілі ұсақты малдарға қарайлайды. Ол жерде бір қайық,бір газельавтокөлігі және 5 құтқарушы тобы бар. Көкалат ауылы бойынша сегіз адам кезекшілікте. Тентексай ауылындағы 32 адам Тәуіш ауылындағы туыстарының үйіне жеткізілді. Қазір 14:40 минуттан бастап, Қаратүбек орта мектебінің ғимаратына жайғасатын болады. Аудан орталығынан қажетті төсек орын, азық-түліктер алынды. Тентексай ауылын бақылауда ұстау үшін 27 адам сол елді мекеннің шекарасын күзетуде.
“Біз үнемі байланыстамыз. Өкініштісі кешеден бері ауданда электржарығы өшіп, ұялы байланыс үзілді. Соған қарамастан жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз” – дейді жергілікті төтенше жағдайға бөлімнің басшысы Темірлан Досмағанбетов.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31