Қарғын судың кесірінен шағын ауылдар зардап шегуде

 Бастысы сабырлық пен бірлік керек

Жангелдин ауданындағы су тасқыны жергілікті билік өкілдерінің назарында. Қазіргі уақытта Шеген – Ақшығанақ, Шұбалаң мен А. Байтұрсынұлы ауылдарына қатынас уақытша тоқтатылып, көліктерге шектеу қойылды. Су жыру қауіпі бар жерлерді құм салған қапшықтармен бөгеп тастады.

Көтерме жол ернеуіне жеткен қар суының бағытын өзгерту мақсатында арнайы мотопомканы пайдалануда. Су ортасында қалған елді мекендердегі шаруа қожалықтары түгелдей қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Алдын алу шаралары бойынша “Алюминстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалары қосымша көмекке келіп, 30 адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Саға, Тәуіш, Көлқамыс ауылдарындағы жергілікті халық бас бірліктерін танытып, өз әлдерінше қарекет жасап жатыр.

Табиғаттың тосын мінезіне тап болған торғайлықтар есенгіреп қалды. Бұл қауіптіңде сейілері күні алда. Тек сабырлық танытып, жұдырықтай жұмылса болғаны.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31