Ауыл тарихының алтын қазынасы.

Қарабатырдың өлкетану мұражайы мен кітапханасы бір ғимаратта орналасқан. Дәлізден оңға бұрылсаң – мұражай, солға бұрылсаң – кітапхана.
Мұражай меңгерушісі Балтамар Жақсыбаева бізді осындай экспонаттармен таныстыра бастады. Кіреберістегі ені шағын оң қабырғаға Жәзит Құдайқұловтың жақын туыстарының портреттері ілініпті. Бұлардың қазір біреуі де жоқ. Осында сақталған құнды деректер мен жәдігерлер арқылы халық жадында мәңгі сақталады. Үлкен кресло тұр. Бұл еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002 жылы Қамысты ауданына келгенде отырған креслосы екен. Одан әрі бұрынғы одақтас 15 республиканың туы, Құдайқұловтың өзі жазған кітабы, өзінің бюсті, алғашқы тың игерушілердің портреттері, солардың құжаттары, орден-медальдары, соғыс ардагерлерінің суреттері. Бұлардың ішінде қарабатырлық Ахметбек Құсдәулетов ақсақал да тұр. Бүгінде өмірден өткен. Соғысқа қатысқан қарабатырлықтардың майданда жазысқан хаттары да қойылған. Қарабатыр адамдарының осында сыйлаған сыйлықтары, Алтынсарин-Хромтау темір жолын салушылардың Жәзит Кәрімұлына сыйлаған каскасы, 40 литрлік самаурын, 130 жыл болған тары түйетін келі. 210 жыл бұрынғы насыбай істейтін тостаған, төңкеріске дейінгі жіп иіретін орыс станогы және басқа да түрлі заттар қойылған.
Қарап отырсаңыз осының бәрі – тарих. Еріккеннің ермегі емес. Уақыт ауысады, ұрпақ алмасады. Келер ұрпақты осы ауылдың негізін кімдер қалағаны, алғашқы тың игерушілердің кімдер болғаны, ауылды кімдер басқарғаны, шаруашылықты дамытуға кімдердің еңбегі сіңгендігі және басқа да сауалдар толғандыратын болса, оған жауапты алыстан іздеп жатпайды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер ауыл әкімінен алынды
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

13 часов назад

Урок мужества: с девятиклассниками Тобыла встретился ветеран МВД

Павел Щедрин более 25 лет заведовал музеем департамента полиции. (далее…)

14 часов назад

В селе Денисовка подходит к концу осенний сезон цветочного оформления

Подрядная организация ИП «Пастушок» приступила к финальной уборке клумб и очитке территорий. (далее…)

15 часов назад

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

19 часов назад

Денисовские спортсмены завоевали золото на областном турнире «Ауыл Спорт – 2026» и отправятся на республику

В Костанае подвели итоги областного этапа соревнований «Ауыл Спорт – 2026». (далее…)

19 часов назад

This website uses cookies.