Қарабатырлық Айжан Әшім салат, тосаптың түр-түрін әзірлейді

«Қыстың қамын жазда ойла» деп бекер айтылмаса керек, жаздың соңы мен күздің бас әйелдер қауымы үшін қысқа дайындық жасап, әртүрлі тосап, салатн және компот жабу науқаны басталатын уақыт.

Бүгінгі кейіпкеріміз – Қарабатыр ауылында тұратын Айжан Әшім. Жаз бітісімен компот, тосап, салат, қияр, қызанақты бірнеше банкісін жабады екен.
«Моңғолиядан келгенімізде ол жердің жері жарамсыз болғандықтан, көкөніс пен дәнді дақылдарды өсірудің не екенін білмедік. Осы жерге келіп, жергілікті тұрғындардың қалай істейтініне қарап, олардан сабақ ала отырып, картоп, тәтті бұрыш, қызанақ, қияр егуді бастадық. Қысқа қарай отырғызатын жерді дайындап, алғашқы жылы егіп көрдік. Тәп-тәуір шықты. Сөйтіп, салаттың түр-түрін, тосаптың түр-түрін әзірледік. Өзімізден қалғанды, туыстарымызға студенттерге, мерекеге дәмді компоттар және түрлі салаттарды жөнелітіп тұрамыз.  Ауылда тұрғаннан кейін бақшамызға түрлі көкөніс, жеміс егеміз. Әрі отбасылық бюджет үшін өте тиімді, әрі мұны істегенді жаным қалайды, – дейді кейіпкеріміз.
Жеңісхан Мұғраж отбасы осыдан отыз үш жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген. Қазір жергілікті тұрғындар сияқты бау-бақша отырғызады.
-Көбіне тосап, компотты бақшадағы жемістен істеймін. Бақшадағы жемістерді өз қолымен еккен. Қазір бақшадағы жемісті теріп алмай ысырап ететіндер көп. Сондықтан одан тосап қайнатып алып, қыс бойы рақатын көреміз. Көбіне интернеттен рецепт алып, өзіме лайықтап, қайнатамын. Арнайы дәптерім бар. Соған жазып қойып, жылда қарап отырып істеймін, – дейді Айжан анамыз.
Тосапты шаймен ішкенді жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Сондықтан жеміс піскеннен бастап әйелдер тосаптың түр-түрін дайындайды. Тіпті көршілер бір-бірінен «қандай тосап дайындап жатырсың?» деп сұрап, ақылдасып, жәрдем етіп жатады. Оның үстіне қазірде көбісі тосаптың түрін ғаламтордан қарайды. Себебі онда қауын мен қарбыздан дайындалатын тосаптың да түрі көп.
-Әр тосапты жемістің түріне қарай түрлі етіп дайындаймын. Мәселен, қарақатты еттартқыштан өткізіп аламын. Солай әзірлегенде дәмді болады. Ал қара өріктен жасалатын тосапты қайнатпаймын. Әуелі өрікті жақсылап жуып тазалаймын. Содан кейін сүйегінен ажыратып, 2 апельсин мен 2 лимонды еттартқыштан өткізіп қантпен араластырамын. Біраз уақытқа қанты бойына сіңіп, қоймалжың күйге енгенше бөлек жерге қоямын. Бар болғаны осы. Мұны бірден банкаға жауып қоюға болады немесе тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Еш бұзылмайды, дәмі сол күйінде балғын болып тұрады, – дейді Айжан апамыз.
Әрбір әйел заты осы мезгілде қарақат, таңқурай сынды жемістерден тосап әзірлейді. Себебі қыста суық тиіп, қызу көтерілгенде дәріханадағы қымбат дәріден гөрі осы табиғи жолмен жасалатын тосаптың пайдасы көп.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

1 день назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

1 день назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

2 дня назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

2 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

2 дня назад

This website uses cookies.