Қарамеңді ауылында өмір өз арнасымен тыныш әрі берекелі жалғасуда

 Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды.

Тұрғындар күнделікті еңбегін жалғап, бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.

Ауыл балалары табиғатпен етене өсіп, ата-баба дәстүрін бойына сіңіруде. Ат шанамен серуендеп, таза ауада ойнаған балалардың шат күлкісі ауылға ерекше көрік береді. Бұл – ауыл өмірінің шынайы көрінісі. Ауыл балаларының ат шанаға отырып ауыл көшелерін ат шанамен аралап жүрген бақытты сәтін көрдік. Қазіргі заманның балалары үшін бұл ерекше әрі өте қызық көрініс. Ат шанамен жүру оларға ертегі секілді әсер қалдырып, ауыл өмірінің шынайы бояуын сезіндірді.

Балаларға осындай естен кетпес естелік сыйлаған осы ауылдың тумасы ауыл жанашыры, ат бегі Әлібек Темірбаев.

Бұрын осылай ат шанамен әкелеріміз бен аналарымыз бізді отырғызып алып, қонаққа апарып, керек жерімізге жеткізетін еді. Бұл – ауыл өмірінің ұмытылмас, жүрекке жылы естелік. Мен де өз көшеміздің ауласында тұратын балаларға осындай бір естелік сыйлағым келді. Сол мақсатта арнайы қажетті заттарды жинап, балаларды қуанту үшін ат шана жасадым. Бұл тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты атқа баулып, ұлттық дәстүрге жақындатудың бір жолы деп білем. Осы ат шананың біреуіне 17 жыл болған екен. Бізге оны ауданымыздың ат бегі Нұрғазы бауырымыз берді, беріп қана қоймай балаларды ат шанамен жүргізіп, ат жегуді үйретіп жүр. Осы балалардың арасында бүгінде ат үстінде жақсы шабатын шабандоздар өсіп келеді. Бұл да – ұлттық тәрбиенің нәтижесі, болашаққа салынған үлкен негіз, – дейді Әлібек Темірбаев.

«Ат шанамен алғаш рет міндім. Қар үстімен жүргені өте қызық екен. Достарыммен бірге міндік, бәрімізге қатты ұнады. Осындайды тағы да болса екен деймін», – дейді ауыл баласы Бақнұр.

Ауыл өмірі – нағыз ауыл тіршілігінің айқын көрінісі. Осындай ортада өскен жас ұрпақ еңбекқор, төзімді болып қалыптасады. Олар кішкентайынан еңбекке үйреніп, үлкенді сыйлауды, табиғатты аялауды бойына сіңіреді.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4