Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін атап өтеді.
Мереке қарсаңында Қостанай қаласында дәстүрлі «Аялы алақан» облыстық форумы өтті. Маңызды іс-шарада Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің басшысы Кристина Шаптур облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әлеуметтік сала қоғамдағы аса жауапты бағыт. Қамкөңіл қарияларға құрмет көрсетіп, ерекше күтімді қажет ететін жандарға қамқорлық таныту осы саланың негізгі қызметі. Бәріне тең мүмкіндік беретін ортада инклюзивті қоғам қалыптасады.
-Қостанай облысында отыз мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Соның бес мыңға жуығы балалар. Бұл сандардың артында қаншама адам, тағдыр, отбасы және үміт тұр. Сондықтан жергілікті атқарушы орган аталған саланы қаржыландыру деңгейін жыл сайын арттыруда. Мемлекет кепілдік берген көмектің көлемі мен түрлері де біртіндеп көбеюде. Күні кеше облыс әкім мүгедектерге арналған спорт кешенінің құрылысын іске қосты,-деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков форумда.
Одан кейін Әлеуметтік қорғау жүйесінің бірқатар маманына облыс әкімінің грамотасын табыстады. Құрметке бөленген қызметкерлердің арасында қарасулық Кристина Шаптур да бар. Оның әлеуметтік салада еңбек етіп келе жатқанына он жылға жуықтады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман осы уақыт ішінде тәжірибе жинады.
– Менің кәсіби қызметім әлеуметтік саламен байланысты. Соның ішінде ерекше назар аударуды, қолдау мен көмекті қажет ететін адамдармен күнделікті жұмыс істеуді қамтиды. Ал орталық басшысы қызметін 2025 жылдың қаңтарынан бері атқарып келемін. Қазіргі мақсатым — мекеменің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қызметкерлер үшін қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру және мамандандырылған әлеуметтік қызметтердің жоғары сапалы көрсетілуіне кепілдік беру. Менің бұл лауазымда қызмет ете бастағаныма көп болған жоқ. Әлеуметтік саладағы еңбек өтілім бар жоғы тоғыз жылды құрайды. Сондықтан маған берілген марапат тұтас ұжымның еңбегіне берілген баға деп білемін. Біздің мекеме мамандары күн сайын маңызды әлеуметтік миссияны атқарып жүр, – дейді Кристина Шаптур.
Қарасу ауданының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі қарттарға, денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімді қажет ететін азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға және басқа да өмірілк қиын жағдайға тап болғандарға әлеуметтік қолдау білдіреді. Көмек көрсету барысында ҚР ның қолданыстағы заңнамасы мен бекітілген стандартты, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ережелерін басшылыққа алады. Әр адамға жеке көңіл бөліп, мемлекеттік қызметтің сапалы жүргізілуіне назар аударады. Бүгінде орталық 87 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Оның 79-ы егде жаста, төртеуі мүгедектігі бар бала, төртеуі 18 жастан асқан мүгедектігі бар адам. Олардың заңды қызықғушылықтары мен құқықтарын қорғау, әлеуметтік көмекті ұсыну кезінде қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету деген сияқты негізгі міндеттерге басымдық береді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Сурет кейіпкердің мұрағатынан алынды
Его участники собираются, чтобы практиковать казахский язык в непринуждённой обстановке, учиться строить диалоги и увереннее…
Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)
Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…
«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…
Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…
Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай және «Заң мен тәртіп»…
This website uses cookies.