Қарасу ауданында қар құрсауынан 6 адам эвакуацияланды
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.
Күн райының нашарлауы салдарынан ұзақ сапарға шыққан автокөліктер қар құрсауында тұрып қалды. Қарасу ауданындағы ахуал да осы тектес.
22-ақпан күні Сүйген сай ауылынан 5 шақырым жерде екі автокөлік қар құрсауынан құтқарылды. Бұл туралы Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімі хабарлады. Оқиға 22-ақпанда түнгі сағат 21:27-де белгілі болған. Боранда жолда қалған көліктер төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен құтқарылып, жолаушылар Қарасу ауыл шаруашылық колледжінің жатақханасы жанындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді. Эвакуацияланған 6 адамның біреуі бала. Қуанышқа орай, олар дін аман, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

-Егер ауа райы күрт нашарлайтын болса, алыс аймақтарға ұзақ сапарға шықпауды және балық аулауға баруға тәуекел етпеуді ұсынамыз. Сондай-ақ, Қарасу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген Судағы қауіпсіздік ережесіне сәйкес, мұз үстінде көлікпен жүруге тыйым салынғанын еске салады,-деді Қарасу аудандық ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сұлтан Кадирбаев.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті аудандық ТЖБ ұсынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31