Қарасу ауданында домбыра үнін насихаттауға арналған айлық басталды

 Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Қазақтың төл аспабын дәріптеуге арналған іс-шаралар легі Қарасу ауданында биыл 1 ай бұрын ерте басталды.

Қарасудағы «Достық» мәдениет үйі директорының орынбасары Бердімұрат Сайлаубектің айтуынша, маусым айы бойы домбыра үнін насихаттауға арналған әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Соның бірі жуырда «Тәуелсіздік» саябағында өтті. Оған аудандық мәдениет үйі мен өнер мектебінің өнерпаздары қатысты. Мұндай домбыра кештері жоспар бойынша аптасына бір рет өткізіледі. Ал қорытынды концерт жобамен 6-шілдеде, Ұлттық домбыра күнінде болмақ.

– Облыстық мәдениет басқармасы Ұлттық домбыра күніне орай орындалуға тиісті 17 күйдің тізімін бекітті. Соның сегізі алғашқы іс-шарада тартылуы қажет деген талап қойылды. Шығармалардың орындалу тәсілдерін біздің мамандар қаңтар айында облыс орталығына барып, шеберлік сабағына қатысып, үйреніп келді. Он жеті күйдің сегізін алғашқы іс-шарада тарттық. Олардың арасында Тобыл-Торғай өлкесінің дәулескер күйшілерінің төл туындылары да бар. Ұлттық домбыра күніне арналған алғашқы концерттік бағдарламаға 25 күйші қатысты. Домбырашылардың қатары әлі де толығады деген ойдамыз,-дейді «Достық» мәдениет үйі директорының орынбасары Бердімұрат Сайлаубек.

Қымбат ДОСЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 20