Қарасу ауданында көктемгі су тасқынына дайындық күшейді

Қарасу ауданы көктемгі тасқын судың қауіп-қатері бойынша «қызыл» аймаққа енгізілгені белгілі.

Мамандар мұндай шешімді өңірдегі қардың қалың түсуі әрі жердің тоңының терең қатуы себепті қабылдаған болатын.

Жалпы аудан аумағында 39 елді мекен бар. Биыл соның 16-сын су басуы ықтимал деп анықталған. Қазіргі кезде табиғи тасқынның алдын алуға барынша қам жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар қызметі Қарасу аумағындағы ахуалды бақылауда ұстап, дайындықты күн сайын пысықтауда.

Қарасу ауданы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің хабарлауынша қазір жағдай тұрақты. Аудан басшылығы күн сайын мониторинг жүргізіп, мұздың қозғалысын, қар суының көлемі мен екпінін, өзен-көлдің деңгейін қадағалап отыр. Жедел штаб қызметкерлері кезекшілік құрып  Новоселов, Қарамырза, Жамбыл, Октябрьский, Железнодорожный, Степной, Зеленовка және Қарасу, Восток ауылдарының аумағын ерекше назарға алған. Көктемгі су тасқыны кезеңінде туындауы мүмкін қауіптің алдын алу үшін ауданға Ақтөбе қаласынан №20982 әскери бөлімінің 50 сарбазы мен Қостанай облысынан 14 адамнан тұратын арнайы жасақ күштері келген болатын. Жан-жақты дайындықтан өткен арнайы күш су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге, су тасқынының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылуда.

Жедел штабтың басшысы Нұрлан Әміров сақтық шараларының негізгі ережелерін нақтылап, жұмыстың бағыт-бағдарын айқындады. Су басу қаупін барынша азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық іс-шаралар кестеге сәйкес жүргізілуде. Күн сайынғы өзгерісті аудан әкімдігі өз бақылауына алған. Көктемгі қауіп сейілмейінше жедел штаб жұмысын тоқтатпайды.

18-20 наурыз аралығында аудан бойынша өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары өтті. Облыстық ТЖД мен аудандық ТЖБ мамандары Қарасу, Құндызды, Тімтуір өзен-көлдері мен Восток, Белозёрка, Железнодорожный, Зелёнов, Қарамырза, Қарасу және Новосёлов  ауылдарына жақын маңдағы аумақтарда алдын алу шараларын тиянақтылады. Қарасу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі көктемнің қауіпті кезеңінде азаматтарға мұқият болуды және өзен-көлдерге жақындамауды ескертуде.

-Су тасқыны қаупі туындаған кезде төтенше жағдай туралы ақпаратты, іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықты мұқият тыңдаңыз.  Үрейге бой алдырмай, сабыр сақтап, жағдай туралы көршілерге ескертіңіз. Мүгедектерге, балаларға және зейнеткерлер мен қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Эвакуациялау кезінде алдымен құжаттар, киім, ең керекті заттар, бірнеше күнге азық-түлік қоры, дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакетте сақтаңыз. Үйдегі электр жүйесін өшіріп, газды сөндіріңіз. Бағалы заттарды және азық-түліктерді биік, жоғар жерге қойыңыз,-дейді Қарасу ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сұлтан Кадирбаев.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қос түлікті қатар сауған қамыстылық сауыншы

Орайхан Қайса жайлы бір үзік сыр. (далее…)

30 минут назад

Қамыстыда дала жұмыстарына дайындық қалай?

Биыл егіске 34,8 мың тонна тұқым дайын. (далее…)

51 минута назад

Қарасуда шахмат үйірмесіне қызығушылық артты

Қарасу ауданында шахматшы балалардың бір шоғыры өсіп келеді. (далее…)

2 часа назад

Арқалықта су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. (далее…)

19 часов назад

На территории Наурзумского района были проведены взрывные работы

С приходом долгожданного весеннего тепла в Наурзумском районе началось активное таяние снежного покрова. (далее…)

21 час назад

В селе Узунколь завершился открытый областной турнир по дзюдо «Весенние каникулы»

Соревнования собрали рекордное число участников – 250 юных спортсменов из Аркалыка, Костаная, Рудного, Федоровского и…

21 час назад

This website uses cookies.