Жуырда Қарасу ауданында төрт мектептің ауласына жеміс ағаштарын отырғыза бастады. Мұндай игі іс «Менің аулам-менің бағым» облыстық жобасы аясында қолға алынып отыр.
Қостанай облысын қамтитын ауқымды жоба 10-қазан күні ресми түрде бастау алды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Оған Қарасу ауданының білім беру ұйымдары да белсенді ат салысып, өз үлестерін қосты. Аудан бойынша төрт мектеп ауласын жеміс бағын құруға кірісті. Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі 23 жеміс көшетін егіп, болашақ бақтың негізін қалап қойды. Одан кейін
Қараман және Жалғызқан жалпы білім беретін мектептері мен Жаныспай негізгі орта мектебі әрқайсысы он шақты өскіннен отырғызды.
«Жоба шеңберінде аудан бойынша барлығы 1 800 шаршы метр аумаққа 54 өсімдік көшеті отырғызылды. Соның ішінде алма, алмұрт, қарақат және таңқурай жемістерінің өскіндерін ектік. Көгалдандыру жұмысына мектеп ұжымдары, педагогтар, ата-аналар мен демеушілер қолдау білдірді. Әсіресе «Бобер Инвест» шаруа қожалығын ерекше атап өткізім келеді. Қожалық Жаныспай негізгі орта мектебіне көп көмек көрсетті. Жобаның жүзеге асырылуына қатысты ақпарат білім беру мекемелерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында ішінара жарияланды»,-деп хабарлады Қарасу аудандық білім бөлімі.
Мектеп ауласына отырғызылған әр көшет – болашақ бақтың іргетасы іспеттес. Күтімін жасап, ағашты баптап мәпелесе айнала ертең-ақ жайқалып шыға келеді. Жалпы мектептің қызметі де жеміс бағының күтіміне ұқсайды. Мектеп – әр баланың көкейіне ізгіліктің дәнін сеуіп, оқытып-тоқытып, үлкен өмірге жол сілтейді. Ал жеміс бақтары баланы еңбекқорлыққа баулып, табиғатпен етене жақын болып өсуіне ықпал етеді. Қоршаған ортаны күтіп-ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру осындай ізгі амалдардан басталса керек.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінен алынды
Цифровизация образовательной сферы Казахстана сегодня перестала быть просто абстрактным понятием из программных документов или громким…
Это выезд «Каравана правовой помощи» уже в седьмой населенный пункт. (далее…)
Здоровье женщины - это основа благополучия любой семьи. (далее…)
Аудан әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі 8-11-сынып оқушыларымен кездесіп, заңға құрмет, әділдік және жеке жауапкершілік…
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
Мероприятие собрало более 200 участников, среди них представители правоохранительных органов, педагоги, курсанты юридической академии,…
This website uses cookies.