Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімінің мамандарымен бірлесе рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
2026 жылдың 1 маусымынан бері судағы қауіпсіздікті қадағалауға арналған 54 рейд өткізіпті. Мұндай бақылау келеңсіздіктің алдын алу үшін қажет.
-Шомылу маусымы басталғалы бері азаматтар көбірек шоғырланатын су айдындарын назарға алдық. Үздіксіз жүргізілген рейдтер нәтижесінде 287 адамға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, кең көлемді ақпараттандыру жұмысын өткіздік. Сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады» деген 37ескертпе белгі орнатылды. Қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет,-дейді Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сұлтан Кадирбаев.
Қарасу ауданында шомылуға арналған ресми белгіленген орын жоқ екенін еске саламыз. Сондықтан қауіпке бас тігуден алшақ болған жөн. Қуанышқа орай, шомылу маусымы басталғалы бері ауданда бір де бір оқыс оқиға тіркелмепті. Алайда, төтеншеліктердің ескертпесіне құлақ аспайтындар жеткілікті көрінеді. Рейд кезінде тыйым салынған орындарда суға түсу фактілері мен кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өзен-көлдерге барғаны анықталған. Барлық бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
-Қарасу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті тұрғындар мен қонақтарын судағы қауіпсіздік талаптарын назарға алуға шақырады. Арнайы жасақталмаған және ресми рұқсат етілмеген, тыйым салынған жерлерге суға түсуге болмайды. Балаларды үлкендерсіз су айдындарына жіберуге асықпаңыз. Алкогольді ішімдік тұтынып, мас күйінде суға шомылу – нағыз жауапсыздық. Қауіпсіздік ережелерін ұстану арқылы өз өміріңізді, денсаулығыңызды сақтай аласыз,-деді Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сұлтан Кадирбаев.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті аудандық ТЖБ ұсынды
История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…
В Костанае состоялась еженедельная сельскохозяйственная ярмарка «Дала дәмі». (далее…)
Они достойно защитили честь Костанайской области на международном конкурсе «AgroLeague-2026». (далее…)
В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…
В селе Енбек Александровского сельского округа Костанайского района планируют отремонтировать улицы Новая, Набережная и Целинная.…
В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…
This website uses cookies.