Қарасу ауданының Айдарлы ауылдық округінде көршілес Герцено ауылына баратын жол грейдерленді

 Екі ауылдың арасын жалғаған қара жолдың ой-шұқыры көп еді.

Шоқалаққа шайқалған көліктер межелі жерге әупірімдеп жететін. Биыл олқылықтың орны толды.

«Батыр-МОЗДОК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Герцено ауылы бағытындағы жалпы ұзындығы 6 шақырымдық кіреберіс жол тегістелді.

«Атқарылған жұмыс ауылдың көлік инфрақұрылымын жақсартуға жасалған маңызды қадам. Сапалы жол тұрғындардың жайлы өмір сүруіне сеп. Әсіресе ауылдар арасындағы дәнекерге айналған шыға беріс жолдар үздіксіз күтімді талап етеді. Сондықтан көптің ойында жүрген мәселе биыл шешімін тауып отырғанына қуаныштымыз»,-деп хабарлады аудан әкімдігі.

Көктем-жаз мезгілдері қатынас жанданатын шақ. Ауыл сыртындағы қара жолдың маңызы сондай кезде сезіледі. Айдарлыдан Герценоға апаратын жолдың қазіргі кейпі теп-тегіс. Көлікке ешқандай кедергі келтірмейді. Қауіпсіздік жағынан да қолайлы.

Қымбат ДОСЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2