Қарасу ауданының параспортшылары облыстық фестивальде олжалы болды

 Қарасу ауданының пара спортшылары мүгедектігі бар азаматтар арасындағы VI облыстық спорт фестивалінде сәтті өнер көрсетті.

Қарасу ауданының атынан қатысқан үш спортшы іс-шарада өте жақсы өнер көрсетті. Әлихан Көбеков, Валерий Ильин және Алексей Денисов өңірдің мақтанышына айналып үлгерді. Олар алға қойған міндетті сәтті орындап шықты. Мәселен, Алексей Денисов арбадағы жандар арасында дартс тартысынан 1-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ ядро лақтыру спортынан сынға түсіп, жүлделі 3-орынды иеленді. Ұйымдастырушылар тарапынан арнайы грамота мен медальға ие болды. Алексейдің жеңіске деген ынтасы мен үздік нәтижесі үшін фестиваль демеушісі «Жаңа өмір» қоғамдық бірлестігі қаржылай сыйықы тағайындады. Келесі спортшы Валерий Ильин ядро лақтыру сайысында алтыншы орыннан көрініп, үздік ондықтың қатарынан табылды. Бұл да жақсы нәтиже. Ал асық ату жарысында бесінші межеге табан тіреді. Аудан намысын қорғаған үшінші қатысушы Әлихан Көбеков дойбы тақтасында алтыншы орынға ілікті.

-Фестивальдің ашылуында Алексей Денисов «Жаңа өмір» қоғамдық бірлестігінң Құрмет грамотасымен марапатталды. Біздің параспортшылардың дайындығы, жеңіске деген ынтасы жаман емес. Нәтижеміз жылдан жылға жақсарып келеді. Іс-шара талабы бойынша бір қатысушыға екі спорт түрінен ғана бақ сынауға мүмкіндік берілген. Сол себепті біздің жерлестеріміз барынша ерік-жігерін салып, белсенділік танытты, – деді Қарасу ауданының атынан барған команданың жетекшісі Серік Жамбулов.

Аталмыш іс-шара 7-9 қыркүйек аралығында Денисов ауданында өтті. Оған облыстың түкпір-түкпіріндегі 170-ден астам мүгедектігі бар азамат қатысты. Параспортшылар спорттың 7 түрінен сынға түсті.

-Бұл іс шараны көптеген мүгедектігі бар адамдар асыға күтеді. Себебі бұл жай ғана сайыс емес, белсенді өмір салтын ұстанатын азаматтардың өзара араласатын, сырласатын ортасына айналып үлгерді, – деді Қостанай облысы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі, «Жаңа өмір» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Дабылов.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті Қарасу ауданының қатысушылары жолдады


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1