6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.
Оған Қарасу өлкесі де үлес қосып, аумақты абаттандыруға және көгалдандыруға белсене кірісті.
Аудан орталығында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы сенбілікке алғашқылардың бірі болып Қарасу ауыл шаруашылық колледжінің ұжымы қатысты. Оқытушылар құрамы мен студенттер бірлесе айналаны әп-сәтте мұнтаздай етті. Қыстан қалған қоқыс пен қураған жапырақтар, сынған тал шыбықтарды жиып, қоршауларды әктеді. Сенбілік – жастардың таза ауада бір мезгіл сейіл құруына мүмкіндік сыйлады.
Оқу орнының аумағы өте кең. Соған қарамастан маңайын күтіп-ұстау жағынан колледж көпшілікке үлгі болып жүр. Педагогикалық ұжым жаппай сенбіліктерден тыс уақыттары да тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады.
«Тазалық – денсаулық кепілі, әсемдік көзі. Әрбір ағаш, әрбір гүл, әрбір бұлақ – біздің байлығымыз. Сондықтан табиғатты аялауды, қорғауды жадымыздан шығармау қажет. Сенбілікке педагогтар жол бастап бәріміз қатыстық. Студент жастар үлгілі істің куәсі болды. Таза Қазақстанды қалыптастыру – әрқайсымыздың қолымызда. Баршаңызды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамын»,- дейді Қарасу ауыл шаруашылық колледжінің директоры Мария Носаченко.
Қарасу ауданындағы санитарлық тазалау жұмыстары 3-сәуірден басталғанын еске саламыз. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауданға қарасты елді-мекендер экологиялық шараларға кезең-кезеңімен кірісуде.
«Таза Қазақстан» — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатты таза ұстау мақсатында қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық бағдарлама мен акция. Ол елді мекендерді көгалдандыру, қоқыстан тазарту және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл бастама ең алдымен жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында қолға алынды»,-деп түсіндірді аудандық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Қаппасов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер аудандық ТКШ бөліміне тиесілі
Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)
Яровой сев планируют провести на площади свыше 5,1 млн гектаров — это немного больше, чем…
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. (далее…)
IV Международный театральный фестиваль-конкурс «Алға жетістікке» подарил детям море эмоций и I место. (далее…)
В данный момент на портале госзакупок ведется тендер на озеленение города. (далее…)
Биыл Қамысты ауданы бойынша қандастарды қабылдау бойынша 9 квота бөлінді. (далее…)
This website uses cookies.