Қарасу ауданының тұрғыны Наталья Жаломская осыдан бірнеше жыл бұрын кішкентай қызы Екатеринаны жетектеп, қазақ мектебіне барады.
1-сыныптың табалдырығын аттаған балақай сауатын қазақ тілінде ашады.
Бүгінде балақай қатарынан қалмай, мемлекеттік тілді жетік меңгеруде.
«Біз бұрын Май ауылында тұрғанбыз. Ол жақта интернет ұстамайтын. Сондықтан жергілікті телеарналарды көретінбіз. Бірде балаларымның қазақша мультфильм көретінін және оның мағынасын түсінетінін байқадым. Кейін аудан орталығына қоныс аудардық. Екатеринаны ойланбастан қазақ мектебіне бердім. Сол уақытта мен балабақшада жұмыс істеп жүрген кезім. Ұжыммен бірге қазақ мектебіне бардық. Бізге экскурсия ұйымдастырып, оқушылардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасалып жатқанын баяндады. Мектепте бала саны көп емес, сондықтан мұғалім әр қайсысына жеке-жеке көңіл бөле алады. Ғимараты да жаңа, сыныптардың іші кең, жылы. Мұндай жер баламның қазақша үйренуіне қолайлы болар деген ойға келдім. Біз Қазақстанда тұрып жатырмыз және қазақ тілін білу маңызды. Қызым да қазақ мектебінде білім алып жүргенін қалыпты санайды»,-дейді Наталья Жаломская.
Осылайша Екатерина Қарасудағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде білім беретін мектепке тап болған. Бүгінде аталған білім ошағының 5-сыныбында оқып жүр. Ол қазақ тіліндегі дыбыстарды, әріптерді таза айтады. Мүдірмей сөйлейді. Өз ойын ашық жеткізе алады. Тіпті мәнерлеп оқу байқауларына да қатысады екен. Мұндай жетістіктің артында ұстаздарының маңдай тері, көп жылғы еңбегі және ата-анасының қолдауы тұр.
«Бастауыш сыныпта Екатерина таңертең оқитын. Түстен кейін қосымша сабаққа барып жүрді. Апайы үй тапсырмасын орындауға, жаңа тақырыпты тереңірек түсінуге жәрдемдесетін. Ал біз қазақша білмейміз. Үйде балаға көмектесе алмаймыз. Сондықтан ұстазына жүгіндік»,-деді анасы.
Орыс тілді отбасында тәрбиеленіп жатқан баланың бірден қазақша сайрап кетуі оңай емес. Әліпбидің айтылуына машықтану, сөз жаттау, оның мағынасын түсіну, күнделікті сөйлесіп жаттығу – осының бәрі тіл үйренудің негізгі талабы. Екатерина бұл жолдан әлде қашан өтіп кеткен. Рас, алғашында қиналды. Оны анасы да айтып отыр. Себебі, үй тапсырмасын орындау кезінде ата-анасы көмек бере алмады. Десек қазір қиындықтың ауылы алыста. Екатерина қазір білімін толықтырды. Мектепішілік іс-шараларға қатысқанды жақсы көреді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті кейіпкер ұсынды
Денисов ауданындағы «Арай Холдинг» ЖШС өндірісте ең соңғы жаңа технологиялық шешімдерді белсенді қолдануда. (далее…)
В рамках проекта «Связь поколений» педагог побывала в школе имени Ивана Павлова Гостью с нетерпением…
Шестиклассник Саша Попов решительными действиями во время пожара помог избежать жертв. (далее…)
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Жангелдин ауданына жұмыс сапарымен барып, Торғайдағы тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және…
В Карасу около 100 учащихся 9–11 классов приняли участие в семинарах по буллингу. В Караманской…
Завершился очередной этап областной спартакиады среди подразделений ДЧС Костанайской области. (далее…)
This website uses cookies.