Қарасу ауданында шахматшы балалардың бір шоғыры өсіп келеді.
Зерделі ұл-қыздардың қабілетін шыңдап, бағыт-бағдар беруде өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген тәлімгер – Чингизхан Саржанов. Оның шахмат жарыстарындағы жетістіктері жерлестерінің көз алдында шығар. Шахматты 9 жасынан бері ойнай бастаған жас жігіт бүгінде артынан ерген кішілерге үйретуде.
Чингизхан Саржанов 2019 жылы шахматтан Қазақстан чемпионатында топ жарып, ұлттық құраманың қатарына алынды. Одан кейін әлем чемпионатында бақ сынап, ел сенімін ақтады. 2019 жылы олимпиада ойындарына қатысып, тағы да үздік нәтижесімен көзге түсті. Ол қазір шахматтан спорт шеберіне үміткер. Танымдық ойынның тілін шебер меңгерумен қоймай артынан ерген кішілерге үйретуді қолға алды. Осы ниетпен 2025 жылдың 2-қыркүйегінде аудан бойынша шахмат үйірмесін бастады. Алдымен қосымша білім беру үйінен,кейін қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептерде шахмат үйірмесін ұйымдастыруда.
-Биылғы ақпан айынан бері орыс тілінде оқытатын мектепте шахматты факультатив ретінде өткіземін.«Аламан» спорт кешенінде шахмат спортының жанашырларымен тұрақты жаттығу болады. Балалардың қызығушылығы да ынтасы да жоғары. Сабақтан соң өрендер бос уақыттарын тиімді пайдаланып, шахматтың қыр-сырын үйренеді,-дейді білікті маман, қосымша білім беру үйінің шахмат үйірмесінің мұғалімі Чингизхан Саржанов.
Шахмат үйірмесін жүргізгелі бері үйренуге ниет білдірушілердің қатары көбейген. Қазір мұнда 30 бала танымдық спортпен шұғылданып жүр. Үйірмеге қатысу тегін.
Ағайынды Ясин және Кәусар Асан шахмат ойнауды серік еткен ұл-қыздар. Олардың аталмыш спортқа деген ынтасы екі жыл бұрын байқалған. Сол кезде анасымен бос уақыттарында, үйде шахмат ойнап бастаған. Уақыт өте балалардың зейіні ашылып, кәсіби тұрғыда дайындалуды қалайды. Бүгінде екеуі де Чингизхан ағайларының дәрісін алып жүр. Өздері тетелес балалар арасындағы шахмат жарыстарына қатысып, жүлделі орындардан көрінген.
-Баланың бір мезгіл үйірмеге барғаны дұрыс. Сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылданып, интеллектуалды ойындармен айналысқаны қандай жақсы. Чингизхан ағай келгелі біздің балалар жаттығуға барып жүр. Үйде де өздері дайындалады. Әзірге шеберліктерін шыңдап алсын, тәсілдерін толық меңгерген соң ғана қалалық, облыстық сайыстарға қатыстырамыз,-деді балалардың әкесі Нұрсұлтан Амалбаев.
Шахмат миды жаттықтырудың бір жолы. Адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және батыл қадам жасауға итермелейді.Ойнау логикасы ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Әлемде кең тараған ойынның түрі Қарасу ауданында қарыштап келе жатқаны қандай жақсы.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Қарасу ауданы көктемгі тасқын судың қауіп-қатері бойынша «қызыл» аймаққа енгізілгені белгілі. (далее…)
Биыл егіске 34,8 мың тонна тұқым дайын. (далее…)
Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. (далее…)
С приходом долгожданного весеннего тепла в Наурзумском районе началось активное таяние снежного покрова. (далее…)
Соревнования собрали рекордное число участников – 250 юных спортсменов из Аркалыка, Костаная, Рудного, Федоровского и…
This website uses cookies.