Қарасуда сыйластық пен сенімді серік еткен ерекше жанұя тұрады

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің кезекті қатысушысы Досқалиевтар отбасы шынайы махаббат – шекарасы жоқ шексіз сезім екенін дәлелдеп келе жатқан жұп.

Олай дейтініміз ерлі-зайыпты  Ескен мен Иринаның ұлты екі түрлі болса да ұстанымдары бірдей, өмірлік мақсаттары ортақ. Сезімнен басталған сенім үйлесімділік тауып, екеуі бүгінде тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Отағасы Ескен Досқалиев 2009 жылы Братское ауылынан Шолақшы ауылына көшіп барады. Сол жерде жұбайы Иринамен танысады. Екі үй бір көшенің бойында орналасқан екен. Көршінің қызына назары түсіп, дос болып араласады. Уақыт өте достық үлкен махаббатқа ұласыпты. Екі жастың өмір жолы осылайша тоғысқан еді.

– Адам өміріндегі ең қадірлі құндылық – отбасы. Шаңырақтың түтінін түзу шығарып, татулық пен сыйластықты серік етіп ұзақ ғұмыр кешу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Біз сол бақыттың мәңгілік салтанат құрғанын қалаймыз. Отбасын құру туралы шешімге келген күннен бастап осы ойды ұстанамыз,-дейді Ирина Досқалиева.

Кейіпкеріміз жанұяның бірлігін, бүтіндігін ойлап тұрады. Бұл шаңырақта қазақ халқының салт-дәстүрі берік сақталған. Елімізде тойланатын мерекелердің бәрін жұртпен бірге атап өтеді. Наурыз мейрамында ет асып, бауырсақ пісіріп, мол дастархан басында жиналады. Жаңа жылды ерекше көңіл күймен қарсы алады.

Жарасымды жұп қазір Октябрь ауылында тұрып жатыр. Сол жерден үй сатып алып, шаруашылық жүргізуде.  Отанасы бала тәрбиесімен айналысып, үй тірлігін ширатып отыр. Ал отағасы Ескен Досқалиев ауылдық полиция бөлімшесінде кезекшінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, балаларын адал еңбекке, білімге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулып келеді. Отбасындағы өзара сыйластық, ынтымақ пен жауапкершілік – олардың басты құндылықтары.

-Ең бастысы өзара келісім мен түсінісу, құрмет пен қолдау. Ер мен әйелдің арасында сенім орнаған сәтте шаңырақ шаттыққа толады. Біз балаларымыздың адал және әділ адам болып өскенін қалаймыз. Ұлттық салт-дәстүрін ұмытпайтынына сенеміз. Осы бастан үйретіп, бойларына сіңірудеміз. Дастархан басына әрқашан жақсы көңіл-күймен бірге жиналуға күш саламыз. Татулықты насихаттау арқылы ең басты байлық – отбасы екенін түсіндіруге тырысамыз,-дейді отанасы.

Заманның ағымы жыл өткен сайын құбылып, өзгеріп тұрады ғой. Мысалы қазір материалдық байлықтан гөрі отбасының бүтіндігіне ерекше мән беріледі. Үкімет баланың толыққанды жанұяда тәрбие алуына екпін қояды. Бұл тұрғыда алғанда Досқалиевтар шаңырағын үлгілі, нағыз берекелі шаңырақ десек жарасады.

Ескен және Ирина Досқалиевтардың некелескеніне биыл 13 жыл толыпты. Екеуі Дилара, Дана, Әліхан есімді үш перзентті бағып-бағып отыр. Екі үлкені оқушы, кішісі балабақша жасында. Бірлігі жарасым тапқан жанұяның негізгі жетістігі – отбасы бақытын сақтай білуі және оны перзенттерінің санасына сіңіре алуы.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет кейіпкердің мұрағатынан алынды.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

13 часов назад

Қамыстыда медицина мамандарына баспана беріліп, мұғалім тапшылығы шешіліп жатыр

Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…

14 часов назад

В Камысты жители могут бесплатно заниматься на тренажёрах, играть в волейбол и мини-футбол

В недавно открытом спорткомплексе «Камысты Арена» уже собираются любители активного отдыха. (далее…)

14 часов назад

В карасуском селе заработало АМС

Конструкцию в Заре возвели почти 2 года назад. Почему жители села смогли воспользоваться ею только…

15 часов назад

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

17 часов назад

This website uses cookies.