Қарасудың Қарамырза ауылындағы мектеп жаңа технологиямен жабдықталды

Қарамырза жалпы білім беретін мектебінде биыл игілікті істер атқарылуда.

Биылғы оқуы жылында білім ошағында заманауи технологиямен жабдықталған екі кабинет іске қосылды. Сондай-ақ педагогтар құрамы жас мамандармен толығуда.

Қазір мұнда 69 оқушы, 10 мектепалды даярлық тобының баласы оқып жатыр. Мектеп жанынан ашылған шағын орталықта 15 бала тәрбиеленуде. Биылғы оқу жылының басында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен цифрлық және ғылыми кабинеттері жасақталыпты. Бастауыш сынып оқушыларының қаржылай сауаттылығын қалыптастыру үшін логикалық ойлау, бағдарламалау сабақтары өткізілуде. Сабақ барысында шәкірттер роботтарға арналған бағдарлама әзірлеуге және инженерлік дағдыларын қалыптастыруға машықтанады.

«Цифрлық кабинет – балалардың техникалық ойлау қабілетін ашуға және робот техникасы мен бағдарламалау саласындағы базалық білімін жетілдіруге көмектеседі. Ал ғылыми кабинет – жаратылыстану бағытындағы физика, химия, биология, математика, география пәндерін тереңдетіп оқытуға, зертханалық жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Ғылыми керек-жарақтар мен құрылғылардың арқасында пән сабақтарын түсіндіру деңгейі өсті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл мектебіне жан бітіп, білім беру сапасы артуда»,-деді мектеп басшысы Гүлшат Төлегенова.

Педагогтар құрамында көпжылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздар мен Шымкент, Семей, Ақтөбеден келген жас мамандар жұмыс істеуде. Мұғалімдер ұжымын ақыл мен энергияның тоғысқан ортасы деуге әбден лайықты. Себебі, аға буын ұстаздар жастарды әркез қолдап, жоғары сенім артады. Жас педагогтар болса жаңа идеяларымен әріптестерін шабыттандырып, өзара үндестікте еңбек етуде. Шымкент өңірінің тумасы Айтқазы Әбдіразақ қалада оқып, өз қалауымен ауыл мектебінде жұмыс істеуге келіпті.

«Мұғалімдік қызметте еңбек етіп жатқаныма алты жыл болды. Қарамырза ауылының тұрғындары да, мектептің ұжымы да жақсы. Оқушылардың үйренуге деген құлшынысы қуантады»,-деді білікті ұстаз Айтқазы Жұмағазыұлы.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған мектеп әкімшілігі.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Школьница из Денисовского района запустила проект «Обмен учениками»

В Денисовском районе всё чаще звучат инициативы, идущие от самой молодёжи. (далее…)

11 часов назад

Астана қаласында өткен Мәслихат депутаттарының республикалық форумына сарыкөлдік депутаттар да қатысты

Форумда жаңа Конституция жобасы және өңірлердің дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. (далее…)

13 часов назад

Сколько детей смогут поступить в специализированные школы в Костанайской области?

Об этом на брифинге РСК сообщила пресс-секретарь управления образования Костанайской области Анна Лазарева. (далее…)

16 часов назад

Торғайдың Ақкөлі табиғи әлеуеті зор ауылда туризм дамымай отыр

Жанкелдин ауданының шалғайындағы Ақкөл ауылы – табиғи ресурстарға бай, алайда сол байлықты толық пайдалана алмай…

16 часов назад

С 1 апреля текущего года начнется прием детей в первый класс

Ожидается, что в этом году в школы области придут порядка 9 тысяч первоклассников. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.