Қарасу ауданының Железнодорожный ауылында 17-ақпанда ек бөлмелі жер үйдің шатырынан өрт шықты.
Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшесі оқиға орнына барып жеткенше Мухарбек Ещанов есімді ауыл тұрғыны көмек қолын созыпты. Жәрдем сұрап жан ұшыра айқайлаған әйел дауысын естіген ол ойланбастан көмек беруге жүгірген. Терезе арқылы кіріп, қызыл жалынның ортасынан үй иесін аман алып шығады. Жергілікті тұрғынның көзсіз ерлігін ескерген Қарасу ауданының әкімі Қайрат Оспанов алғыс айтып, марапат табыстады.
Өрт шалған үйге ауданның төтенше жағдайлар бөлімі дереу жетіп, бірден іске кіріскен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт 16:03-те ауыздықталып, 16:18-де толығымен сөндірілді. Құтқарушылардың келісілген және кәсіби іс-әрекетінің арқасында өрттің екінші бөлмеге таралуының алдын алуға және материалдық шығынды барынша азайтуға мүмкіндік туды. Өртті сөндіру кезінде азаматтық қорғаныс кіші сержант Генрих Андреевич Шандр жанып жатқан ғимараттан әрқайсысының сыйымдылығы 27 литрлік төрт газ баллонын шығарып, жарылыс қаупі мен ықтимал ауыр зардаптардың алдын алды.
«Алдын ала болжам бойынша өрт газ құрылғысының ақауынан шыққан. Осыған орай, Қарасу аудандық ТЖБ қызметкерлері үй ішіне біреуден артық газ баллонын сақтауға тыйым салынатынын ескертеді. Ақауы бар газ баллонды қолдану қауіпсіздік ережесіне тіпті қайшы. Күдікті иіс білінген сәтте газды сөндіріп, электр жабдықтарын тоқ көзінен ағытып, бөлме ішін желдету қажет. Бұдан соң тез арада апаттық газ қызметін шақыруды ұмытпаған жөн. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – мүлікті, денсаулықты, ең асылы – адам өмірін сақтаудың кепілі»,-деп хабарлады аудандық ТЖБ.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер аудандық ТЖБ-ға тиесілі.
Согласно принятому территориальной избирательной комиссией постановлению, днем голосования определено воскресенье, 5 апреля 2026 года. (далее…)
Об этом на брифинге РСК сообщила заместитель руководителя Управления здравоохранения акимата Костанайской области Айдана Буркитбаева…
С 6 по 15 марта 2026 года в итальянских городах Милан и Кортина-д’Ампеццо пройдут XIV…
На татами вышли мальчики 2015–2016 годов рождения и девочки 2014–2015 годов рождения, готовые показать силу,…
В Узункольском районе продолжается интенсивная подготовка к весеннему паводку (далее…)
This website uses cookies.