Қарасулық жұмысшы жастар білім бәйгесінде бақ сынады!

Адамның ой­өрісін кеңейтіп, шапшаңдыққа баулуда интеллектуалды ойындардың берері көп. Мұндай ойындарды, әсіресе, жастар арасында ұйымдастыру арқылы жас толқынның көңіл көкжиегін кеңейтуге жол ашамыз. Дәл осындай мақсатты ұстанған іс­шара Қарасу ауданының орталығында өтті. Сайыс «Intellect ASU» деп аталады.

Интеллектуалды ойынның аудандық кезеңіне Қарасудағы жұмысшы жастар қатысты. Ұйымдастырушылар сайыс туралы хабарламаны аудандағы мекемелерге алдын ала жіберген. Осылайша, қатысуға ниет білдіргендер арасынан төрт топ жасақталды. Олар «Карьер орталығы» аудандық филиалы, білім мекемесі, кітапхана және аурухана ұйымдарының қызметкерлері. Әр команда төрт ойыншыдан құралған. Кіл мықтылар жиналған төрттіктің сайысы ерекше тартысты өтті.

Қатысушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде сұрақтар қойылды. Әр сауалға он секунд ішінде мүдірмей жауап беру керек. Бұл дегеніміз адамның шапшаңдығы сыналар шақ. Жылдам қимылдап, ұтыпты жауап берген топтың ұпайы да артады. Қоржында ұпай молайған сайын жеңіске бір табан жақындай түсесің. Осындай тәртіппен ойыншылар өзара бақ сынасты. Мүмкіндікті мүлт жібермегендер жеңіс тұғырына жақындай түсті.

Ойын барысында әр алуан тақырыпта және түрлі салалардан сұрақтар кездесті. Мысалға, география пәніне қатысты және логикалық, интеллектуалдық сұрақтар.

­  Жобаның мақсаты ­ жастардың таным көкжиегін кеңейтіп, қиялын арттыру әрі сергіту.  Санасы сергек адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Сондықтан, мұндай сайыстардың пайдасы мол,­деді Қарасу аудандық Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Гүлзат Сидахметова.

«Intellect ASU» интеллектуалды ойыны Қостанай облысының жұмысшы жастары арасында жыл сайын ұйымдастырылады. Ережеге сәйкес қатысушылар үш кезеңнен сүрінбей өтуі керек. Алдымен, аудандық, кейін қалалық, қорытындысы облыстық деңгейде.  Әр аудан өз іштерінен мықты команданы анықтап, келесі кезеңге жолдайды. Облыстық ойында кіл мықтылар кездеседі. Бабы мен бағы қатар жанған командаға қомақты жүлде де тағайындалған.

«Intellect ASU» ойынының Қарасу ауданындағы сайысы өте тартысты өтті десек жаңылыспаймыз. Қатысушылар бір сәтке сергіп қалғандай. Бұл ойында Қарасу аудандық «Карьер орталығы»  филиалының қызметкерлерінен құралған «Извилины» командасы жеңіске жетті. Топ Меруерт Қазбекова, Таңсұлу Шакарова, Кристина Шаптур, Елена Зинченко есімді білікті мамандардан құралған.

­ Ойын ұнады. Тамаша өтті.  Бұл жолы біздің команда жеңіске жетті. Енді келесі кезеңде бағымызды сынаймыз. Сайыс көпшілікпен бірге талқылауға, кеңесуге,  әріптестің көзқарасын құрметтеуге үйретеді, ­ деді жеңімпаз команданың мүшесі Меруерт Қазбекова.

«ASU Intellect» интеллектуалды ойыны білім бәйгесінің дәл өзі. Сол бәйгеде оза шауып, бірінші келу үшін ұшқыр қиял, терең білім және шапшаңдық сияқты қасиеттерді меңгерген жөн. Ойлануға үйрететін ойын жастардың арасында да сұранысқа ие болуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Педагог из Рудного вошла в тройку лидеров республиканского конкурса «Читающая нация»

Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…

27 минут назад

Сельхозтоваропроизводители Сарыкольского района оказывают поддержку в обновлении социально значимых объектов

Об этом аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков рассказал и поблагодарил бизнесменов во время аппаратного совещания…

2 часа назад

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

3 часа назад

Что делается в Узункольском районе по вопросу обеспечения граждан питьевой водой

В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…

4 часа назад

Семья из Аркалыка стала лауреатом конкурса «Мерейлі отбасы» и получила 2 млн тенге

В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)

5 часов назад

Новые возможности для восстановления здоровья появились в Камыстинском районе

В районной больнице  появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…

6 часов назад

This website uses cookies.