Қарасу балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Санжар Жаңбыршы мен Роман Мосиенко футболдан Қостанай облысының құрама командасында өнер көрсетіп, республика чемпионы атанды.
Железнодорожное ауылынан Санжар Жаңбыршы мен Қарасу ауылынан Роман Мосиенко футболдан Қостанай облысының құрама командасына алынып, Қызылордада өткен республикалық жарыста өте жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Сайыс қорытындысында облыс құрамасы чемпион атанды.
– 2013 жылы туған жасөспірімдер футболдан аудан намысын қорғап жүр. Біздің балалар бірнеше рет облыстық сайыстарға қатысып, тамаша нәтиже көрсетті. Соның арқасында Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамына алынды. Үздік футболшылардан жасақталған құрама жуырда Қызылорда қаласында өткен жарысқа барып, финалға жолдама алды. Қорытынды кезеңде алаң иелерімен ойнап, 6:3 есебімен біздің балалар республика чемпионы атанды,-деді жаттықтырушы Денис Мухаматянов.
Балалардың жетістігіне жаттықтырушылардың да қосар үлесі зор. Осы орайда Қарасулық футболшыларды тәрбиелеп жүрген мықты мамандар Денис Мухаматянов пен Антон Карпецтің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Білікті жаттықтырушылардың қоластынан талай шебер футболшылардың шығары сөзсіз. Ал чемпиондарға теңбіл доп додасында сәттілік тілейміз.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті жолдаған Денис МУХАМАТЯНОВ.
Ожидается, что в этом году в школы области придут порядка 9 тысяч первоклассников. (далее…)
Такая тенденция держится последние 3 года. (далее…)
В Костанайской области продолжают выполнять поручения Президента по повышению доступности и качества жилья. О результатах…
Юные спортсмены района показали высокий результат на соревнованиях, посвящённых 185-летию со дня рождения Ыбырая Алтынсарина.…
Үш күн бойы іздестірілген азамат қарлы боранда далада түнеген. (далее…)
Кафе «Нават» расположилось по улице Ленина села Камысты. (далее…)
This website uses cookies.