Астана қаласында өткен Мәслихат депутаттарының республикалық форумына сарыкөлдік депутаттар да қатысты
Форумда жаңа Конституция жобасы және өңірлердің дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының III республикалық форумы өтті.
Аталған маңызды жиынға Сарыкөл аудандық мәслихатының депутаттары да қатысты.

Форум барысында елдің одан әрі дамуы, жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыру, өңірлердегі өзекті мәселелерді шешу жолдары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, мәслихаттардың жергілікті басқару жүйесіндегі маңызы мен халық мүддесін қорғаудағы жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

Жиынның негізгі тақырыптарының бірі – жаңа Конституция жобасы болды. Егер ол қабылданатын болса, бұл құжат еліміздің одан әрі дамуына серпін беріп, демократиялық институттарды нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға маңызды ықпал ететіні айтылды.
– Мәслихат депутаттарының республикалық форумы – жергілікті өкілді органдар үшін өте маңызды алаң. Бұл жиында өңірлердегі өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешудің тиімді жолдары талқыланды. Мемлекет басшысының жергілікті басқару жүйесін дамытуға, мәслихаттардың рөлін күшейтуге қатысты айтқан бастамалары елдің одан әрі дамуына серпін береді деп сенемін. Ал жаңа Конституция жобасы қабылданса, ол демократиялық институттарды нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді, – деді Сарыкөл аудандық мәслихаттың төрағасы, форумға қатысушы депутат Дастан Әбжамалов.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31