Астанада өткен форумға Торғайдан Ерлік Қуанышұлы қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Волонтерлер форумына қатысып, еліміздегі еріктілер қозғалысының маңызы мен болашағы жөнінде мазмұнды баяндама жасады.

Ел Президенті волонтерлік қызметтің қоғамды дамытудағы, азаматтық жауапкершілікті арттырудағы рөліне ерекше тоқталды.
Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Бұл бастаманы Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-сессиясында көтеріп, еліміздің ұсынысы жаһандық деңгейде кең қолдау тапқан болатын. Мемлекет басшысы ерікті болу – игі істер жасау, өзгеге үлгі көрсету, Отанға адал қызмет ету екенін атап өтті. Қазақ халқының кеңпейілдігі мен жанашырлығы волонтерлік қозғалыстың ұлттық болмысымызға жат емес екенін айқын көрсетеді.
Президент пандемия кезеңінде волонтерлердің ерен еңбегіне тоқталып, қиын сәттерде мыңдаған еріктінің алдыңғы шепте еңбек еткенін ерекше атап өтті. Қазіргі таңда елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис жұмыс істеп тұр. Волонтерлер саны соңғы жылдары айтарлықтай артты. 2020 жылы 50 мың ерікті болса, бүгінде олардың қатары 300 мың адамға жеткен.
Еріктілер экология, білім, мәдениет және өзге де салаларда белсенді бастамалар көтеріп келеді. «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» сияқты жобаларға 100 мыңға жуық ерікті қатысқан. Сонымен қатар Мемлекет басшысы волонтердің цифрлық паспортын енгізу бастамасын толық қолдайтынын жеткізді.
Форумға Жангелдин ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлік Қуанышұлы арнайы қатысып, Президенттің көтерген бастамаларына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының волонтерлерге қатысты ой-тұжырымдары бүгінгі қоғам үшін айрықша маңызды.
– Президенттің адам құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде танып, адам капиталын ел дамуының өзегі етуі – Әділетті Қазақстан құрудың берік негізі. «Адам жасанды интеллектке емес, жасанды интеллект адамға қызмет етуі тиіс» деген пікірі технологиялық дамуды адамгершілік құндылықтармен ұштастыру қажеттігін көрсетеді. Ал жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясы әрбір волонтерге жақын. Себебі еріктілік – Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің, қоғам алдындағы жауапкершіліктің нақты көрінісі, – дейді Ерлік Қуанышұлы.
Мемлекет басшысы Конституцияның ел үшін маңызын атап өтіп, болашақта Ата Заңға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, ол тек референдум арқылы жүзеге асуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ волонтерлік қызметті дамытудың үш жылдық Жол картасының мерзімі аяқталуына байланысты 2030 жылға дейінгі жаңа құжат әзірлеу қажеттігін атап өтті.
Президенттің пікірінше, отаншыл азамат – жауапкершілігі жоғары, жасампаз тұлға. Осы тұрғыда волонтерлер – нағыз патриот азаматтардың жарқын үлгісі. Заң мен тәртіп үстемдік құрған, әділетті, қауіпсіз әрі таза Қазақстанды құру жолында әрбір азаматтың белсенді болуы – ортақ міндет.
Волонтерлер форумында айтылған бұл ойлар ауданымыздың жастары мен еріктілеріне үлкен серпін беріп, қоғам игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз.
Суреттер кейіпкерден алынды
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

1 день назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

2 дня назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

2 дня назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

2 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

3 дня назад

This website uses cookies.