Аудан әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенконың тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қойшыбаев, облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлы, аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл әкімдері, ЖШС және шаруа қожалығы басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы Виктор Николаевич есепті кездесуінде 2019 жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуына және 2020 жылға арналған міндеттерге тоқталды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданның жалпы өңірлік өнімде де алға жылжу бар Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару үлесі 37,4 млрд теңгені құрады.

“Өткен жылғы қуаңшылық біздің шаруалар үшін де оңайға соққан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 620,4 мың гектар алқаптан астық жинады, орташа өнімділік 7,5 ц/га. 465 мың тонна көлемінде астық қамбаға құйылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 332 мың тоннаға аз көрсеткіш.

Тауар өндірушілер өз шаруаларын дамыту үшін қомақты қаражат жұмсауда. Оның жарқын дәлелі олар бұл салаға 3 млрд теңге жұмсағаны.

Тұрақты тұрде шаруалардың техикалар парк жаңаруда. Биылғы жылдың өзінде аудан диқандары 82 жаңа ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2,72 млрд теңге сомасында мемлекеттен қолдау көрсетілді”, — дейді аудан әкімі Виктор Ионенко.

Аудан шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басының өсуі байқалады.

Аудан бойынша іріқара малының басы 23,7 мың, шошқа 19,9 мың, жылқы 5,8 мың, ұсақ мал 12,3 мың, құс басы 170 мың басты құрайды.

Мемлекетік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 708 бас ұсақ мал сатып алынды.

Бұл жоспарда 600 бас болаған айта кеткен жөн. Іріқара бойынша 50 бас болатын жоспар толығымен орындалған.

Еңбек бағдарламасы бойынша ауданға 136 млн теңге бөлініпті. Осы бағдарлама аясында 139 млн теңгенің жеңілдетілген несиесі берліріп отыр.

Ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1, 516 млрд теңге, Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірудің нақты көлем индексі 100,5 пайызды құрады. Ауданда өнім өндіріп отырған ірілі-ұсақты 23 кәсіпорын бар. Оларда қазіргі таңда 480 адам қызмет етуде.

Жыл басынан бастап ауданға 4, 870 млрд теңгенің инвестиция құйылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 800 млн теңгеге көп. Бұл қаражаттың көпшілгі аудандағы қалталы кәсіпкерлердің қаражаты.

Тұрғын үй құрылысы саласында 1711 шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 400,5 пайызы іске қосылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,972 млрд теңгеге орындалды, нақты көлем индекс 123,1 құрады.

“Азаматтардың өтініштерімен жұмыс атқару биліктің халықпен өзара іс-қимылының маңызды нысаны болып табылады. Өткен жылы 1147 өтініш түсті, сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, жер пайдалану, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және білім саласына қатысты. 1143 өтініш қаралып, оның 252-і қанағаттандырылды, қалғаны бойынша түсініктеме берілді.

Елбасы, Президент Жолдаулары — нақты іс-қимыл бағдарламасы. Біз осы процеске мемлекеттік органдар мен халықты белсенді тарта отырып, қойылған міндеттерді шешу үшін барлық қажетті жағдайларды жасайтын боламыз, — деп атап өтті”, – аудан басшысы.

Баяндамадан кейін тұрғындар тарапынан ауызша және жазбаша түрде барлығы 21 сауал түсіп, оған аудан басшысы нақты жауап қайтарып, көтерілген мәселелерді бақылауда ұстайтынын жеткізді. Жиында аудан әкімінің атқарған қызметіне алғыс айтқандар да болды.

Мешіт Ғазизұлы
суретті түсірген Мейрам Саутпаев


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31