Ауыл тұрғындарына жедел көмек көрсетілді

Тәуіш ауылына азық – түлік жетті

Жангелдин ауданы, Тентексай елді мекенінің тұрғындары ауыл мектебіне келіп орналасты. Бұл жөнінде Жаркөл ауылдық округінің әкімі Бақыт Төлебаев хабарлады.


«Біз кешеден бері Тентексай халқын ауыл орталығына көшіріп жатырмыз. Ең алдымен қарт кісілерді және жүкті әйелдерді жедел жәрдем көлігімен жеткізіп, оларды тиісті орындарға орналастырдық. Оның сыртында Қаратүбек мектебін төсек орындармен жабдықтап, дайындап қойдық. Қар суының көлемі ұлғайып келеді. Қолымыздан келгенше бөгеп, су соратын матормен бағытын өзгертіп жатырмыз»,- дейді округ әкімі.
Төтенше жағдай жарияланған елді мекендер жергілікті билік өкілдерінің жіті қадағалауында.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31