«Автокөліксіз бір күн» Сарыкөлде осындай атаумен челленджі өтті

Сарыкөл ауданының ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығының челлендж ұйымдастырушылары велосипедпен немесе жаяу жүруге үндейді.Аудан орталығында экологияны қорғау мақсатында «автокөліксіз бір күн» челленджі ұйымдастырылды.

Ондағы мақсат – жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануы мен улы газдардың бөлінуін азайтуға күш қосу. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қолға алынған игі іске кез келген адам қосыла алады, дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шараға үлесін қосқандардың қатарында соңғы жылдары көлікке көп отырмауды әдетке айналдырған Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің оқытушысы Қарлығаш Шонова да бар.
– Челленджге бүгін менде өз үлесімді қостым. Бүгін мен жұмысқа жаяу келдім.  Көліктерден улы газдардың бөлінетінін азаматтар жиі естігенімен, мағынасына терең үңіле бермейді. Қоршаған ортадағы зиянды заттар, ауаның мөлшерден тыс лас болуы бірінші кезекте дәл осы азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай шаралар ауданымызда жиі өтіп тұрса деймін, – дейді Қарлығаш Шонова.
Жергілікті тұрғындар көліктің ыңғайлылығынан бас тартып, экологиялық таза көлік түрлерін қолдау үшін жаяу жүргіншілерді немесе велосипедтерді таңдады.
Болашақта да осындай бастамалар Сарыкөл кентінің күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналады деп үміттенеміз, бұл адамдарға ашық ауада көбірек уақыт өткізуге ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны бәріміз үшін таза әрі сау етуге көмектеседі.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар «челлендж арқылы кем дегенде 5 адам болса да автокөліктен келетін зиянның маңызын түсінсе, мақсаттың орындалғаны» дейді. Олар жаяу жүргіншілер мен баламалы көлікті пайдаланатындарға қолайлы жағдай жасау арқылы автокөліктен бас тартатындардың санын арттыруға болатынын айтты.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Педагог из Рудного вошла в тройку лидеров республиканского конкурса «Читающая нация»

Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…

6 часов назад

Сельхозтоваропроизводители Сарыкольского района оказывают поддержку в обновлении социально значимых объектов

Об этом аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков рассказал и поблагодарил бизнесменов во время аппаратного совещания…

8 часов назад

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

8 часов назад

Что делается в Узункольском районе по вопросу обеспечения граждан питьевой водой

В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…

9 часов назад

Семья из Аркалыка стала лауреатом конкурса «Мерейлі отбасы» и получила 2 млн тенге

В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)

10 часов назад

Новые возможности для восстановления здоровья появились в Камыстинском районе

В районной больнице  появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…

11 часов назад

This website uses cookies.