Арқа ауылының кітапханашысы Галина Қабылова

Адамзаттың дамуын кітапсыз елестету мүмкін емес. ХХІ ғасыр цифрландыру дәуірі десек те, кітап – сол ұшан теңіз білімнің негізгі қайнары болып қала береді. Баға жетпес байлықты хаттап, сақтап отырған мамандық иесі Галина Лаиковна Қабылова бүгінде Қамысты аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесі Арқа селолық кітапханасының  кітапханашысы.
1963 жылы 6 қаңтарда қазіргі Арқа (байырғы атауы Тұңғиық) дүниеге келген. 1988 жылы Семейдің Абай атындағы мәдени-ағарту училищесін кітапхана ісі мамандығы бойынша бітіріпті. 1983-1996 жылдары Үшкөл ауылдық кітапхана филиалының меңгерушісі болып жемісті еңбек етті.
2001 жылдың қазан айынан бастап Арқа ауылдық кітапхананың кітапханашысы болып істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі 38 жыл, оның ішінде кітапханалық өтілі отыз алты жылдан асты.
Осыдан 36 жыл бұрын қызметін қатардағы кітапханашылықтан бастаған ол «бұл мамандыққа жасымнан құрметпен қарап, қызығып өстім» дейді. Кейін жұмыс барысында оның өзі ойлағаннан әлдеқайда күрделі, жауапкершілігі мол кәсіп екенін көрді.
-Мемлекет басшысының кітапханаларды заман талабына сай жаңғырту, жастарды кітап оқуға жетелеу, кітап оқу мәдениетін қайтадан жандандыру мәслесін назарынан тыс қалдырмай, мықтап ден қоюы – құптарлық әрі қуанарлық жайт. Өңірде кітап оқуға құмар үлкен-кіші баршылық. Ай сайын кітап қоры жаңартылып тұрады. Қазіргі күні біздің ауылдық кітапхананың қоры жеті мыңнан асады. Ауыл тұрғындары кітапты оқиды. Детектив, тарихи кітаптарға сұраныс жоғары. Арасында оқушылар келіп, энциклопедиядан деректі мәліметтерін алып жатады. Оқырман келіп сұраныс жасағанда, ол сұраныс бір кітаптан емес, бірнеше кітаптан тауып берген сайын, ол оқырманымыз өзінің сұрағына жауап алған сайын, өзің сондай бір рахат сезімде боласың. Өйткені ол оқырман осы кітапханадан жәй кеткен жоқ. Өзіне керегін тауып кетеді, – дейді Галина Қабылова.
Кітапхана жүйесінде еңбек ету барысында ол жағымды жағымен танылды. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын, тәртіпті, қарапайым, байсалды. Әр түрлі санатты оқырмандарға оқуды насихаттау және бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Өзіндік білім деңгейін көтереді, кітапханашылар сайыстарына, семинарларға, әдістемелік кеңестерге қатысып тұрады. «Аманат» партиясының белсенді мүшесі.
Тәуелсіздік кезінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалғаны рас. Кейбір ауылдарда кітапхана жабылды. Көптеген кітап қорынан айырылдық. Кейінгі жылдары жағдайды түзетуге белсенді әрекет жасалуда. Қазіргі қоғамда ақпарат көздерін өңдеп, сақтап, насихаттаушы ретінде кітапханашы мамандығына сұраныс артуда.  Қазір елімізде кітапхана ісінің көкжиегі едәуір кеңейіп, оқырман көбейту, кітап оқу, кітапхана ісін жүйелендіру жұмыстары өз жемісін беруде.
-Кітапхана саласында қызмет істеген отыз алты жыл ішінде түсінгенім, кітапханашыдан, ең алдымен өзін-өзі дамытуға, білімін жетілдіруге, жан-жақты болуға деген құлшыныс пен кітап атты асыл қазынаны ауылдықтарға дәріптеуге деген құштарлық сынды қасиеттер табылуы тиіс. Меніңше, кітапханашы – нағыз еңбек адамы. Қазіргі кітапханашы сөреден кітап алып беретін маман ғана емес, ол бір уақытта ұстаз, сөйлесе – психолог, шешен яғни, әмбебап тұлға болуы қажет. Бұған қоса олар – ақпарат жеткізуші. Біз сияқты тәжірибелі кітапханашылардың тәжірибесіне сүйене отырып, қазір ақпараттық жұмыстың сан қыры ашылып, толығып, жаңа автоматтық технологиялармен модернизациялауда, – дейді Галина Қабылова.
Кейіпкеріміздің қырық жылға жуық еткен еңбегі еленіп, 2020 жылы кеудесіне «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісін тақты. Араға үш жыл салып, Қамысты ауданы әкімінің грамотасымен, 2019 жылы Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  грамоталарымен  марапатталды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В отделе пробации Узункольского района прошла встреча с лицами, состоящими на пробационном контроле

Во время встречи каждому обратившемуся подробно объяснили, с чего начать и куда обращаться в случае…

3 часа назад

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

6 часов назад

Ұзынкөлде өткен Форумда белсендіжастар анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын…

6 часов назад

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

7 часов назад

«Я что, тупой?»: почему люди становятся жертвами интернет-мошенников?

Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 22 сентября встретились с населением Московсковского…

7 часов назад

В Карасу в рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в центральной библиотеке и отделе полиции

Участники разбирали реальные ситуации, учились отличать травлю от обычного конфликта и говорили о признаках, по…

12 часов назад

This website uses cookies.