Көгілдір отын мәселесін облыс әкімінің тұрғындарымен кездесуде қойды

Қостанай облысының әкімімен кездесуде Қамысты ауданы Бестөбе ауылының тұрғыны Гүлбаршын Бисембаева елді мекенге газ тарту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары көгілдір отынды 14 жылдан бері күтіп отыр.

Қамысты ауданы – Қостанай облысында табиғи газбен қамтылған санаулы аудандардың бірі. Қазір ауданның үш елді мекені – Қамысты, Алтынсарино және Адаевка ауылдары газдандырылған. Аудандағы 1 904 абоненттің 1 604-і газға қосылған. Бұл – 84,2 пайыз.

Соңғы екі жылда әлеуметтік және әкімшілік нысандарды да газға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, жобалық-сметалық құжаттаманы оңтайландыру арқылы бастапқы құны 50 млн теңге болған жоба аясында бірден үш нысан – «Қамысты Арена», аудандық мәдениет үйі және бұрынғы әскери комиссариат ғимараты газға қосылған.

Сонымен қатар 30 млн теңге облыстық трансферт есебінен коммуналдық көппәтерлі тұрғын үйлердің газбен жабдықтау жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде бұрынғы қазандық пайдаланудан шығарылып, оны ұстауға, отын сатып алуға және қызметкерлердің еңбекақысына жұмсалатын шығын азайған.

Биыл жергілікті бюджеттен ауыл әкімдігінің ғимаратын газдандыруға 12 млн теңге бөлінген. Алайда Бестөбе тұрғындары үшін газ мәселесі әлі шешілген жоқ. Облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуінде осы мәселені Гүлбаршын Бисембаева көтерді. Ол көрші Адай ауылына газ әлдеқашан тартылғанын айтып, Бестөбе тұрғындарының кезегін сұрады.

«Бестөбе ауылына қашан көгілдір отын тартылады? Көрші Адай ауылына әлдеқашан газ тартылған. Бұл мәселе қашан шешімін табады? 2012 жылы уәде берген еді. Міне, содан бері 2026 жыл болды», – деді Гүлбаршын Бисембаева.

Облыс әкімі газ тарту мәселесі қаржыға байланысты екенін айтты.

«Бұл мәселені біртіндеп шешемін. Қаржы жағына тіреліп тұр. Облыстың кейбір поселкелері газдандырылады. Бестөбеге де газ тартылады деп үміттенемін», – деді ол.

Осылайша, Қамысты ауданындағы елді мекендердің басым бөлігі газға қосылғанымен, Бестөбе тұрғындары үшін көгілдір отын мәселесі әзірге нақты мерзімін күттіріп отыр. Ауыл халқы 2012 жылдан бері күткен уәденің қашан орындалатынын білгісі келеді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Костанайской области за нарушения на водоемах оштрафовали более 200 человек

С начала купального сезона в регионе провели около трех тысяч рейдов. Общая сумма штрафов превысила…

8 минут назад

Қамыстыдағы бірегей орталық

Зейнеткерлер бос уақытын осында өткізеді (далее…)

2 часа назад

Пресногорьковка готовится к зиме: дрова, уголь и хлопоты сельской жизни

Август — это не только время жарких дней на закате лета да удивительно красивых ночных…

3 часа назад

В Узункольском районе развивают производство востребованных ЛСТК

Новые возможности для развития тонкостенных конструкций предложило ТОО «Jana Dala JQ» (далее…)

6 часов назад

This website uses cookies.