Білім жарысында – жанкелдиндіктер алда

Үш номинация да белсенділік танытты.

Қостанайда руханиятты ұлықтаған ауқымды мәдени-ағартушылық шара өтіп, «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары анықталды. Игі бастама өңір жұртшылығының кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқырман мәдениетін қалыптастыруға тың серпін берді.

Шара барысында ақын, халықаралық «ТҮРКСОЙ» жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет:
«Кітап атылған оқты тоқтата алмайды, бірақ оқ ататын қолды тоқтатуы мүмкін», – деп, кітаптың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Жоба өткен жылдың қыркүйегінде басталып, облыс бойынша кең көлемде жүзеге асты. Жалпы саны 55 мыңға жуық адам қатысып, «Оқитын мектеп», «Оқитын педагог», «Оқитын колледж», «Оқитын университет», «Оқитын мемлекеттік қызметші», «Оқитын әулет» бағыттары бойынша бақ сынады. Соның ішінде «Оқитын мектеп» бағытына 30 мыңнан астам оқушы қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Жүлде қоры 40 миллион теңгеден асатын жоба аясында жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйақылар табысталды. Бас жүлде – 1 миллион теңге болса, екінші орынға – 600 мың, үшінші орынға – 400 мың теңге берілді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өз сөзінде:
«Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – ел болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба оқырмандарды біріктіріп, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал етті», – деп атап өтті.

Салтанатты жиында Жангелдин ауданының оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 6-сынып оқушылары үшінші орын алып, 400 мың теңге иеленсе, 10-сынып оқушылары 600 мың теңгенің жүлдесіне ие болды.

Сонымен қатар, «Оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша да Жангелдин ауданының командасы үшінші орынды иеленіп, 400 мың теңгемен марапатталды.

Жоба жеңімпаздарының бірі Мадина Серікбол кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталып:

«Кітап бізге тек білім беріп қана қоймай, өмірге деген көзқарасымызды қалыптастырады», – деді.

Айта кетейік, бұл бастама өңір тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани дамуына да зор ықпал етті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

За полгода в Костанайском районе в пять раз вырос объем строительных работ

Инвестиции увеличились на 29%, а ввод жилья — в два раза. (далее…)

4 часа назад

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

4 часа назад

Қамысты ауданы: Бақшаны баққа айналдырған

Арқа ауылының тұрғыны ауласын ертегі әлеміне қалай айналдырды? (далее…)

5 часов назад

В Костанайской области с начала пожароопасного сезона произошло 43 лесных пожара

Количество возгораний выросло, однако их общая площадь сократилась почти на 93%. (далее…)

6 часов назад

Денисов ауданының жастары өлке тарихы мен табиғатын зерттеуге ынталы

Денисов ауданында өлке табиғатын, көрікті жерлерін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «Юный турист» үйірмесі жұмыс істейді.…

8 часов назад

This website uses cookies.