Бірқатар ауылдар қауіпті аймақ санатында

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Қарғын судың қарқыны қайтар емес. Саға мен Көкалат ауылының тұрғындары “су деңгейі көтеріліп келе жатыр” деп дабыл қақты.


Саға ауылына таңғы сағат 05:00 де камаз автокөлігі көмекке кетті. Ал, Көкалат ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жалғасуда.Жедел жәрдем көлігімен адамдарды алып келіп, “Интернат” үйіне орналастырып, ыстық тамақ берді. Ауылда қалған адамдарды жеткізу үшін қосымша 2 газель автокөлігі жұмылдырылды.

Оларда аман есен аудан орталығына жетті.

Сондай — ақ, Аралбай ауылында су басу қауіпі бар. Ауыл жастары бірігіп, бөгеу жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта Жангелдин ауданында тиісті құтқару жұмыстры жүргізілуде.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31