Елімізде еңбек күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару – әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды тетіктерінің бірі.
Осы бағытта Қамысты ауданында соңғы жылдры жүйелі жұмыстар атқарылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде.
Өткен жылы Қамысты ауданына 23 қоныс аударушы мен 5 қандас көшіп келіп, аудан халқының қатарын толықтырды. Олардың дерлігі жұмыспен қамтамасыз етілген. Ал биылғы жылы да бұл жұмыс өз жалғасын тауып, белгіленген жоспар толық орындалады деп жоспарланып отыр. Биыл Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарынан, Жетісу облысынан және Алматы қаласынан 3 отбасы (15 адам) қоныс аудармақ, шетелден 2 отбасы (10 адам) қандас тарихи Отанына оралып, Қамысты ауданын мекен етпек. Қазір осы ретте жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес Қостанай облысына 200 қандас пен еңбек күші артық өңірлерден 485 қоныс аударушыны қабылдау квотасы бекітілген. Облыстық еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Ерлан Мушаевтың айтуынша, биылғы жылы қандастарды қабылдау квотасы өткен жылмен салыстырғанда 50 адамға артқан. Бұл – өңірге жаңа еңбек ресурстарын тартуға берілген үлкен мүмкіндік.Қоныс аударушылар мен қандастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Ең алдымен, көшуге байланысты шығындарды өтеу үшін отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем беріледі. Сонымен қатар тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары 12 айға дейін субсидияланады. Бұл жаңа ортаға бейімделіп, тұрақты жұмысқа орналасуға үлкен септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, қоныс аударушылар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберіліп, жұмысқа орналасуға немесе өз кәсібін ашуға мүмкіндік алады. Ал тұрғын үй мәселесін шешуде экономикалық мобильділік сертификаты маңызды рөл атқарады. Аталған сертификат арқылы қоныс аударушылар мен қандастар қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекеннен 1 625 АЕК мөлшерінде тұрғын үй сатып ала алады. Қалалық жерлерде бұл тетік ипотека арқылы жүзеге асса, ауылдық жерлерде бұрынғы тәртіп сақталады.
Қамысты ауданының Мансап орталығының директоры Талғат Қуанышбаевтың айтуынша, қоныс аудару – ерікті түрде жүзеге асатын үдеріс. Негізгі талап – жаңа жерде жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік бастаманы дамыту. Мемлекеттік қолдау шаралары әр азаматқа бір рет көрсетіледі. Ал әлеуметтік келісімшарт жасалғаннан кейін бес жыл ішінде ауданнан көшіп кеткен жағдайда, алынған қаржылай көмекті бюджетке қайтару міндеттелген.
«Көшуге арналған шығыстарды өтеу бір мезгілде бір басшыға және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (302 750 тенге) мөлшерінде жүзеге асырылады. Көшу шығындарын өтеу үшін қоныс аударушылар мансап орталықтарына өтініш береді. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу тұрғын үй сатып алынғанға дейін ай сайын, бірақ он екі айдан аспайтын мынадай мөлшерде ұсынылады. Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін: • бір адам үшін 15 АЕК (64 875 теңге) мөлшерінде; отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК (77 850 теңге) мөлшерінде беріледі», – дейді Талғат Қуанышбаев.
Айта кету керек, бұл жұмыстар ел көлемінде жүргізіліп жатқан ауқымды саясаттың бір бөлігі. 1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанға 1 миллион 148 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына оралды. Олардың әрқайсысы – ел дамуына үлес қосатын жаңа азамат, жаңа еңбек күші, жаңа өмір тарихы.
Қамысты ауданына қоныс аударған отбасылар да жаңа ортаға тез бейімделіп, еңбек етіп, жергілікті тұрғындармен етене араласып келеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
За преданность делу и в честь 20-летия НАО «Правительство для граждан» руководитель Камыстинского районного филиала была…
Еще совсем недавно станция Аманкарагай, несмотря на свое стратегическое значение, находилась в условиях, которые трудно…
Ежегодно в первый четверг февраля отмечается Всемирный день выборов. (далее…)
Жительницы района Сания Ержанова, Гульмира Сланова, Светлана Миллер, Светлана Чудова родили и воспитали шестерых детей. (далее…)
5 февраля в Рудном распахнула свои двери новая общеобразовательная школа № 8 с государственным языком…
В столице нашей страны городе Астане состоялся Форум волонтеров с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева. (далее…)
This website uses cookies.