Бостандыққа шыққан азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Сарыкөл аудандық пробация бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен жеке кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік бейімделу процесінен өтіп жүрген азаматтарға құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында қатысушылар күнделікті өмірде жиі кездесетін мәселелерді талқылады. Солардың ішінде ең өзекті тақырыптардың бірі – сот шешімі бойынша берешек толық өтелсе де, атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылмауы мәселесі болды.

Кей жағдайларда азамат өз міндеттемелерін толық орындағанымен — қарызын өтеп, келтірілген залалды жойып, сот шешімін орындаса да, АІС ОІЖ (атқарушылық істер органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) базасында борышкер ретінде көрсетіле береді. Бұл адамның толыққанды өмір сүруіне — жұмысқа орналасуына, құжат рәсімдеуіне және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына кедергі келтіреді. Нәтижесінде, оның құқықтары шектеулі болып қалады.

Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын «Жанашыр бол» қоғамдық қорының заңгері Жасгүл Тоғжанова жүргізді. Оның айтуынша, қарызды өтеу — тек алғашқы қадам.

– Азамат барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін атқарушылық істі тоқтатуды талап етуге құқылы. Егер сот орындаушысы тиісті әрекет жасамаса, азамат оның іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымды бақылау органына немесе сотқа бере алады, – дейді заңгер.

Сонымен қатар қатысушыларға барлық төлем құжаттарын — түбіртектерді, чектерді, қолхаттарды сақтау маңыздылығы ескертілді. Бұл құжаттар сот шешімінің толық орындалғанын дәлелдейді.

Пробация қызметінің мамандары мұндай кездесулер азаматтарды қоғамға бейімдеудің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл іс-шаралар тек құқықтық көмек көрсету ғана емес, сонымен бірге бұрынғы қателіктерді қайталамауға және өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Кездесуден кейін қатысушылар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, түрлі спорттық ойындарға қатысып, естелік сыйлықтармен марапатталды. Мұндай шаралар олардың қоғаммен байланысын нығайтып, өмірге деген сенімін арттыра түседі.

Материал «Сотталғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру іс-шараларын ұйымдастыру» жобасы аясында Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша дайындалды

Тамирис Айтен, Суретті түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Конкурс видеороликов «Закон и порядок», итоги которого подвели в Узункольском районе

«В кадре — закон, в поступках — ответственность». Что значит уважать закон в повседневной жизни?…

11 часов назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

14 часов назад

Своё дело и ответственность перед Законом: в Узункольском районе прошла встреча с подучётными службы пробации

Как начать работать на себя, оформить своё дело и разобраться в налоговых обязательствах? (далее…)

15 часов назад

В Узункольском районе открыли Центр досуга

В канун Дня Республики  в селе Троебратское Узункольского района громко звучала музыка и колыхались разноцветные…

1 день назад

This website uses cookies.