Былғары қолғап шеберлері рейнгте

Ауданымызда аудан әкімінің Кубогі үшін дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтуде

2024 жылдың 15-17 мамыр аралығында КСРО спорт шебері Марат Алинді еске алуға арналған Науырзым ауданы әкімінің Кубогі үшін бокстан дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтуде. Осы жарысқа Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай қаласы, Арқалық, Жітіқара қалалары мен Амангелді, Жангелді, Қамысты және жарыс иелері қатысуда.
Осы турнирға аудан басшысы Мәди Ихтиляпов, аудандық мәслихат төрайымы Гүлсім Әбенова, аудан әкімінің орынбасары Елдар Искаков, Марат Алиннің туған бауырлары, бірге оқыған сыныптасы Александр Деткин жәнеде бүгін осы жарысқа ауданымыздың бокс спортының дамуына өзіндік зор үлесін қосқан, Қуанышбай Баймухамбетовтың алғашқы ұстазы, өтіп жатқан турнирдің бас демеушісі Алдажуманов Мереке қатысты.

– «Жыл сайын өтетін дәстүрлі бокс турнирі салауатты өмір салтын ұстануға шақырады және жаңа таланттарды анықтауға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын осы жарыстарға қатысушылар саны артып, оның географиясы да кеңейіп келеді. Біздің ауданымызда бокс өте қарқынды дамып келеді. Ауданда бокспен 90 бала айналысады. Жерлестеріміз жыл сайын облыстық, республикалық турнирлерде табысқа жетіп, ел қоржының жеңістермен толтырып келеді. Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді аудан басшысы.


Дәстүрлі турнирға келген меймандарға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов естелік кубоктар мен плакаттар табыс етіп, арнайы Астана қаласынан келген Мереке Алдажұмановқа шапан жапты.

-Бүгін осындай керемет дәстүрлі түрде өтіп жатқан облыстық ашық турниріне қатысқаныма ризамын, әр облыстан ауданнан келшген жас былғары қолғап шеберлеріне осы жарыста тек сәттілік тілеймін. Сонымен қатар аудан басшылығына айтар алғысым шексіз осындай әдемі, кең порт кешенің салып бергендеріне. Осы кешенде балалар кез келген спорттың түрімен еркін жаттыға алады. Сондай-ақ, жас спортшыларымыздың жеңіске деген құштарлықтарыда арта түседі, – деді Мереке Алдажұманов.

 

– Бұл турнир осымен 13-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биыл 10 команда сайысқа түседі. Жарыс деңгейі де жыл санап жоғарылап келеді. Қатысушылардың арасында болашағынан зор үміт күттіретін жас дарындар бар, жалпы бүгінгі рингте 120 бала жұдырықтасады, – дейді бокс жаттықтырушысы Қуанышбай Баймұхамбетов.

Ауданымыздың жас боксшылары алғашқы рингке шығып өз қарсыластарына жақсы жұдырықтар жіберіп, жеңіске деген ерік-жігер, табандылық пен төзімділік әдемі жекпе-жектің көрінісін көрсетуде. Төрешілер жас спортшыларды қатаң бағалап, олардың тактикасын, техникасы мен тәртібін ерекше бағалап отырды. Жақсы нәтиже көрсеткен былғары қолғап шеберлері бірден финалға жолдама алып жатты.

Жибек НУРСЕИТОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31