Былтыр Торғайда бес кәсіпкерлік нысан іске қосылды
Өткен жылы Жангелдин ауданында инвестиция салумен 5 жаңа кәсіпкерлік нысаны іске қосылды, инвестиция көлемі – 285 млн теңге 13 жұмыс орны ашылды.
Оның ішінде 20 адамға арналған қонақ үйі, «Тұмар» мейрамханасы (200 орындық), көпсалалы өнер орталығы, «Аяла» кафесі және «Береке» азық түлік дүкені. Жалпы айтқанда 285 млн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы өткен жылды қорытындылаған ауқымды жиында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтты.
Аудан шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға жақсы бетбұрыс жасап келеді. «Жеңілдікті лизинг», «Қазақстанда жасалған» және «Өз жем-шөбім» бағдарламалары аясында 4 комбайн, 12 фронталды жүктиегіш, 1 экскаватор, 37 дөңгелекті тракторлары сатылып алынды.
Жалпы құны 1 042,0 млн теңге (21 шаруа қожалығының қаражаты – 270,0 млн теңге, қалғаны лизинг бағдарламасы арқылы – 772,0 млн теңге).
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Суреттер облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31