Дәмді ауылы – Науырзымның көрікті келбеті

Науырзым ауданына қарасты Дәмді ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды.

Биыл бұл мақсатқа 669 мың теңгеге құрылыс материалдары сатып алынып, көгалдандыру, билбордтарды жаңарту, қоғамдық орындарды ретке келтіру және ауыл көшелерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Дәмді және Мереке ауылдарындағы Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған мемориалдық орындардың айналасы абаттандырылып, жөндеуден өтуде.

– «Таза Қазақстан» – бұл бір реттік науқан емес, туған жерге деген жанашырлықты қалыптастыратын ортақ іс. Ауылдың тазалығы мен көркеюі әр тұрғынның жауапкершілігі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырып, елді мекенімізді одан әрі көркейтуге күш саламыз», – дейді Дәмді ауылдық округінің әкімі Жасұлан Ысмағұлов.

Ауылды көркейту мен тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жібек Мырзағали
Суретті ұсынған ауылдық округі әкімі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1