Денисов ауданы Глебов ауылында қысқы байқау мәреге жетті

 Глебов ауылында «Үздік жаңажылдық безендіру» байқауының қорытындысы шығарылды. Оған жеті адам қатысуға ниет білдірген.

Ауыл әкімі Рамазан Кенжебекұлының айтуынша, байқау былтыр 15-желтоқсанда басталыпты. Үміткерлер тұрғын үйлері мен аулаларын Жаңа жыл мерекесіне сәйкес көркем безендіріп, ерекше атмосфера қалыптастыруға тырысыпты. Комиссия мүшелері ең әдемі әрі креативті идеяларды анықтады. Төрт қатысушының еңбегін үздік деп танып, жоғары баға берді. Осылайша, Жаңа жылдың алғашқы күндері, биылғы 5-қаңтарда жеңімпаздарды анықтап, марапаттады. Сайыс нәтижесінде:

1-орынды Алина Елисеева,

2-орын Алексей Сабуров,

3-орын Алексей Ваулин мен Александр Вонсович иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

-Барлық қатысушылар белсенділік танытты. Шығармашылық және туған өлкемізге деген жанашырлықтары үшін алғыс білдіремін! Бұл байқау ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, жан-жағымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады,-деді Глебов ауылының әкімі Рамазан Тұрғанов.

Қымбат ДОСЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6