Денисов ауданы Приречен ауылының шебері шайырды кәдеге асыруда

Приречен ауылының тұрғыны Елена Анненко ерекше әдемі бұйымдар жасайды.

Қазіргі заманда адамның қолынан келмейтін іс санаулы шығар деп ойлайсың. Әсіресе қолөнер шеберлері таңқалдырудан жалықпайды. Олар әп-сәтте темірден түйін түйіп, жіп иіріп, матадан сан алуан бұйым жасап шығарады. Ал шайырдан (смола) бұйым жасайтындар туралы естідіңіз бе? Өзгешелікті жаны сүйетін ауыл шеберінің қолынан шыққан дүниелер сонысымен де ерекше.

Приречен ауылының тұрғыны Елена Анненко эпоксидті шайырды илеп, үйде пайдаланатын сəндік бұйымдар, сағат пен шахмат жасайды. Оның қолынан шыққан заттар бірден көзге түседі. Ерекше стильдегі, ең бастысы қолдан жасалған эксклюзивті өнім еш жерде сатылмайды. Тек тапсырыс беріп ғана аласыз.

«Менің арнайы шеберханам жоқ. Мақтанарлықтай тәжірибем де жеткіліксіз. Мен енді бастап жатқан адаммын. Ерекше бұйым жасауды шамамен бір жыл бұрын қолға алдым. Әдісін алғаш рет тик-ток әлеуметтік желісінен көрдім. Бірден ұнады. Көңілім ауған соң іске кірісіп кеттім. Бірінші рет дайындағанда қиынға соққаны рас. Кейін қолым жаттықты»,-дейді шебер.

Шайырды араластырған соң 20-30 минутта қатып қалатын көрінеді. Ойға алған бұйымды тез жасау қажет. Ал, қатқан шайырды қайта балқыту мүмкін емес. Сол себепті шайыр икемі бар адамның илеуіне ғана көнеді.

Елена сүйікті ісімен сирек айналысады. Негізінен қолы тиген уақытта ғана. Оның өзінде шаруашылық, үйдің тірлігі, бала-шаға күтімінен босай бермейді. Айына 1-2 бұйым әзірлеп, иесіне табыстауға асығады. Оның бәрі тапсырыстың түсуіне байланысты.

«Дайын заттарды кез-келген жерден сатып алуға болады. Ал қолдан жасалған бұйымдарды табу оңай емес. Мұндай заттардың басқа көшірмесі болмайды. Бір-ақ рет жасалады. Сол себепті адамдар қолдан жасалған өнімдерді таңдайтын шығар. Сүйікті ісімді жетілдіріп, кеңейтуге қазір менің мүмкіндігім жоқ. Оған уақытым да жетпейді. Әрине, тапсырыстардың санын көбейтуді, өзімді жан-жақты дамытуды қалаймын. Қосымша білім алған да артық емес. Ой көп. Іске асыратын мүмкіндік аз. Бәлкім кейін бәрі болып қалар»,-деп ішкі толғанысын жасырмады.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

7 часов назад

Урок мужества: с девятиклассниками Тобыла встретился ветеран МВД

Павел Щедрин более 25 лет заведовал музеем департамента полиции. (далее…)

8 часов назад

В селе Денисовка подходит к концу осенний сезон цветочного оформления

Подрядная организация ИП «Пастушок» приступила к финальной уборке клумб и очитке территорий. (далее…)

10 часов назад

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

13 часов назад

Денисовские спортсмены завоевали золото на областном турнире «Ауыл Спорт – 2026» и отправятся на республику

В Костанае подвели итоги областного этапа соревнований «Ауыл Спорт – 2026». (далее…)

14 часов назад

This website uses cookies.